RU
Петропавлдық әйел күйеуін өлтіріп, денесін бөлшектеп тастаған
Жаңалықтар Қоғам

Петропавлдық әйел күйеуін өлтіріп, денесін бөлшектеп тастаған

Рассказать Вконтакте

Петропавлда күйеуін асқан қатыгездікпен өлтірген әйелге сот үкімі шықты.Ол егде жастағы жарының денесін бөлшектеп, қоқысқа тастаған болатын. Енді сол қылмысы үшін 10 жыл түрмеде жазасын өтейтін болады. Бұл туралы КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Көрнекі фото: kiev.express

Көрнекі фото: kiev.express

Елена Бунинаның өзіне қатысты үкімді естігенде мелшиіп тұра берген. Ол жантүршігерлік қылмысты ақпан айында жасаған.

Әйел денсаулығы әлсіз жарын аяусыз ұрып, бірнеше жерінен пышақ сұққан. Содан соң жасы 70-ке тақаған азаматтың денесін балконда балтамен бөлшектепті. Бәрін бітіргеннен кейін қылмысын жасырмақ болып,марқұмның дене бөлшектерін қоқысқа тастайды. Қайта оны қаңғыбастар байқап қалып, артынша әйел қамауға алынған.

Қылмыскердің сөзіне сүйенсек, жары оны қыдыруға жібермей қойған соң, осындай айуандыққа барыпты. Көршілері бұл әйелдің бұрыннан ішімдікке әуестігі барын айтқан. Оның қолынан қаза тапқан ер адам Петропавлда тұрып жатқанымен, Ресей азаматы болатын.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
5
1
2
6
1
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір