RU
Таразда бес жасар қыз тірідей жанып кетті
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Таразда бес жасар қыз тірідей жанып кетті

Рассказать Вконтакте

Таразда өртеніп жатқан пәтердің ішінде бес жасар қыз қалып қойып, тірідей жанып кеткен. Бұл туралы КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

КТК арнасынан скриншот

КТК арнасынан скриншот

Қаратау ықшамауданында бүлдіршін қызыл жалынның ішінен қашып шыға алмаған. Жалғызбасты анасы жұмысқа бару үшін марқұм болған сәбиді үйде 13 жастағы әпкесімен бірге қалдырған. Алайда анасы кеткен соң, ақылы кірген үлкен қызы кішкентайдың сыртынан жауып, жалғыз өзін отырғызып кеткен.

КТК арнасынан скриншот

КТК арнасынан скриншот

Әзірге оттың нақты неден және қалай тұтанғаны белгісіз. Оқыс оқиға туралы хабар көршілерден түскен. Шұғыл жеткен төтеншеліктер жалпы саны 44 адамды дереу қауіпсіз жерге көшіріп, жалынмен жарты сағат алысты. Оларға құлыптаулы есікті бұзып кіру қиындық тудырған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
3
1
24
1
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel