RU

Алматыдағы саябақта төбелескен мектеп бітірушілерінің видеосы тарап кетті

Алматыдағы саябақтардың бірінде мектеп бітіруші түлектер жаға жыртысып қалған. Оның видеосы желіде тарап, қызу талқыға түсті деп жазады NUR.KZ.

Видеодан кадр
Видеодан кадр: UGC

Төбелес қаладағы Президент саябағында болған. Видеожазбада екі жігіттің келісе алмай, бір-біріне жұдырық ала жүгіргенін байқауға болады. Ал өзгелері оларды ажыратпақ болыпты.

Ішкі істер департаменті мәлім еткендей, төбелеске қатысқан Алматы облысына қарасты Қарасай аудандық мектеп оқушылары деп жазады Tengrinews.kz.

Абырой болғанда, жанжал дер кезінде шешіліп, оқушылардың ата-анасымен түсіндірме жұмыстары жүрігізлген.

Видео Instagram желісіндегі kris_p_almaty парақшасында жарияланған.

Ескерту! Видеода балағат сөздер қолданылған!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1733886-almatydagy-saabakta-tbelesken-mektep-bitirusilerini-videosy-tarap-ketti.html