Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өз қызын жүкті еткен әке жұрттың жағасын ұстатты

Опубликовано:

Америкадағы Мичиган штатының тұрғыны өз қызын жүкті еткен. Азамат енді осы әрекеті үшін түрмеге қамалды. Бұл туралы Life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Көрнекі фото: russian.rt.com
Көрнекі фото: russian.rt.com: UGC

Қамауға алынған азаматтың қызы екі жыл бойы қыздармен кездесіп, лесбияндық қарым-қатынасты ұстанған. Сондықтан 18 жастағы бойжеткен анасына жүкті екенін айтқанда, әйел талып түсе жаздапты.

Осыдан кейін қыз анасын бір жігітпен қосылып қойдым деп алдайды. Алайда Шэннон оның айтқанына бірден сенбей, әлгі жігітті іздеп көрген. Онысынан еш нәтиже шықпай, ақыры баланың әкесі табылмапты.

Шэннон тоғыз айдан соң дүниеге келген сәбиді көріп, бірден өзінің жұбайы Грегори Андреге ұқсатады. Нәтижесінде күйеуі шын мәнінде немересінің әкесі екенін мойындапты. Ол өз әрекетін "қызым балалы болуы үшін, ұрығымды ыдысқа құйып бердім" деп түсіндірген.

Бүгінде ДНҚ сараптамасы жасалып, 37 жастағы ер адамның шын мәнінде сәбидің әкесі екені расталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1733891-z-kyzyn-zkti-etken-ke-zrtty-zagasyn-statty/

pixel