RU

Оқушы қыздардың тым қысқа формасы жұртқа жақпай қалды (видео)

25 мамыр күні 11 жыл оқыған мектептерімен қоштасқан түлектер желіге видеоларын жүктеген. Олардың ішінде соңғы қоңырау кешіне ашық киініп, барын салып билегендер көпшіліктің сынына ұшырады деп жазады NUR.KZ.

Желіде тарап, қызу талқыға түскен видеожазбаларда қыз балалар қысқа көйлек киіп, майса билеген. Оны көрген көпшілік қазіргі оқушылардың қатты есейіп кеткенін айтып, аруларды сынның астына алған.

"Мектеп формасының түрін қара! Ұстаздары қайда қараған? Оған қоса кішкентай ғана қыздар, тым көп бояу жағып алыпты"

"Жыл өткен сайын оқушылардың юбкасы қысқарып барады, масқара!"

"Алдымен ҰБТ-ны тапсырып алып, сосын осылай қуансаңдар жарасар еді", - деп пікір қалдырған

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1733898-okusy-kyzdardy-tym-kyska-formasy-zrtka-zakpaj-kaldy-video.html