RU
Менингиттен қайтыс болған студент туралы тың деректер пайда болды
Жаңалықтар Денсаулық және сұлулық

Менингиттен қайтыс болған студент туралы тың деректер пайда болды

Рассказать Вконтакте

Күні кеше менингококк инфекциясына шалдыққан студент ауруханада қайтыс болған еді. Енді оның дерті қалай дендегенін Алматы қоғамдық денсаулық сақтау департаментіндегілер айтып берді. Бұл туралы Қазақпаратқа сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Көрнекі фото: zakon.kz

Көрнекі фото: zakon.kz

Алматы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Айзат Молдағасымованың айтуынша, кеше көз жұмған студент дәрігерге тым кеш көрінген. Сондықтан оның өмірін аман сақтап қалу мүмкін болмапты.

"Қайтыс болған студент Қазақ көлік және байланыс академиясында оқыған. Ол жатақханадағы бөлмеде бес адаммен тұрған. Балалар үйлеріне қайтуға жиналып жүрген. Тексеру барысында анықталғандай, студенттер жаңбырдың астында қалып қойған. Жаңбырға малынған күйі теміржол вокзалына барған.

Қайтыс болған студент ауруы әбден асқынғаннан кейін ғана дәрігерге келген. Сол күні кешкісін оның температурасы көтерілген, ол өздігінен емделмек болған. Келесі күні денесін бөртпе басқанда, жедел жәрдем шақырған. Өкінішке орай, менингокок сепсисінің формасы басталған. Оған көмек көрсете алмадық, себебі тым кеш болды", - деді Айзат Молдағасымова.

Оның айтуынша, көз жұмған студент 118 адаммен байланыста болған. Олардың барлығы қазір медициналық бақылауға алынған.

"Көз жұмған студентпен бірге тұрғандарда қабынудың белгілері болған. Біз олардың барлығын оқшауладық. Уақытында көмек көрсеттік. Әзірге зертханалық растау жоқ, бірақ аман алып қалған екінші науқаста менингиттің қаупі бар. Оныкі асқынған түрі еді. Қазіргі таңда оның жағдайы жақсы және палатаға шығарылды", - деп мәлімдеді Айзат Молдағасымова.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
4
2
19
0
7
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір