RU
27 мамырда Астанада және Ақмола облысында қар жаууы мүмкін
Жаңалықтар Қоғам

27 мамырда Астанада және Ақмола облысында қар жаууы мүмкін

Рассказать Вконтакте

Астана қаласы мен Ақмола және Қызылорда облыстары бойынша ескерту жарияланды, деп хабарлайды "ҚазАқпарат"-қа сілтеме жасаған NUR.KZ.

27 мамырда Астанада және Ақмола облысында қар жаууы ықтимал

27 мамырда Астанада және Ақмола облысында қар жаууы ықтимал

«Қазгидромет» РМК-ның мәліметтері бойынша, 27 мамырда Ақмола облысының бірқатар аймақтарында қар мен жаңбыр жауады деп күтілуде. Түнде және таң ата бірқатар аймақтарға тұман түседі. Кей жерлерде найзағай ойнап, бұршақ жаууы да ықтимал. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан секундына 15-20 метр, кей жерлерде 23-28 метр жылдамдықпен жел соғады.

Түнде ауа температурасы 0-5 градус жылы, кей жерлерде 3 градус аяз, күндіз 6-11, кей жерлерде 14 градус жылы. Астанада 27 мамырда таң ата және күндіз қар, жауын жауады деп күтілуде.

Сондай-ақ жел күшейіп, бұршақ жауады. Солтүстіктен және солтүстік-шығыстан секундына 15-20 метр жел соғады, екпіні 25 метрге жетеді. Ауа температурасы 3-5 градус жылы, күндіз 6-8 градус нөлден жоғары.

27 мамырда Қызылорда облысының бірқатар аймақтарында солтүстіктен және солтүстік-шығыстан жылдамдығы секундына 20-25 градус жел соғады, екпіні 30 метр болады. Найзағай ойнап, шаңды дауыл көтеріліп, бұршақ жаууы ықтимал.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
5
0
0
1
2
4
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір