RU

Канададағы бокс кешінде қос бірдей қазақ боксшысы жеңіске жетті (фото)

Квебекте өтіп жатқан бок кешінде қазақстандық екі боксшы қарсыластарын нокаутқа жіберіп, жеңімпаз атанды деп хабарлайды Sports.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Канададағы бокс кешінде қос бірдей қазақ боксшысы жеңіске жетті (фото)
Садриддин Ахмедов: UGC

Орта салмақта өнер көрсететін 20 жастағы қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов (1-0, 1 КО) Квебек қаласында (Канада) Давид Лемье-Карим Ашур арасындағы жекпе-жек кешінде кездесу өткізген болатын.

Ол 34 жастағы аргентиналық Ариэль Алехандро Сампедриге (9-3, 7 КО) қарсы өткізген 4 раундтан тұратын жекпе-жегін мерзімінен бұрын аяқтады. 84-ші секундта қарсыласының бауыр тұсынан мықты соққы берген қазақстандық оны нокаутқа жіберді. Осылайша Ахмедов кәсіби рингте екінші рет жеңіске жетті.

Ал оның қарсыласы өзінің карьерасында осымен 4-ші рет жеңіліске ұшырап отыр.

Канададағы бокс кешінде қос бірдей қазақ боксшысы жеңіске жетті (фото)
Батыр Жүкембаев: UGC

Аталған кеште тағыв бір отандасымыз аталған бокс кешінде нокаутпен жеңіске жеткен. Батыр Жүкембаев қарсыласы WBC ұйымының күміс белбеуінің иегері аргентиналық Джонатан Хосе Энизті (20-9-1, 7 КО) екі рет нокдаунға жіберіп, жекпе-жектің жетінші раундында техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1733949-kanadadagy-boks-kesinde-kos-birdej-kazak-bokssysy-zeiske-zetti-foto.html