RU

Қостанайда мектеп түлектері сабаққа пижамамен келді (фото)

Қостанайдағы мектептердің бірінде жас түлектер 24 мамыр күні сабаққа пижамамен келген. Олар осылайша елден ерекшеленгісі келген деп хабарлайды Alau.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Қостанайда мектеп түлектері сабаққа пижамамен келді (фото)
Қостанайда мектеп түлектері сабаққа пижамамен келді (фото): UGC

Түлектердің бірі Ангелина Нелюбинаның айтуынша, оның идеясын бүкіл сынып қолдаған.

"Былтырғы түлектер де дәл осылай жасаған. Осылайша біз өзіміз туралы жақсы естеліктер қалдырғымыз келді. Ел келіп, бізбен суретке түсті. Кей ұстаздар, керісінше, қолдамады", - дейді ол.

Айта кету керек 25 мамыр күні түлектер мектепке кәдімгі мектеп формасымен келді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1733957-kostanajda-mektep-tlekteri-sabakka-pizamamen-keldi-foto.html