RU

Үмітті ақтамаған Салах: "Реал" Чемпиондар лигасында "Ливерпульді" ойсырата ұтты

Мадридтік «Реал» клубы қатарынан үшінші рет чемпиондар Лигасында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Baq.kz.

Үмітті ақтамаған Салах: "Реал" Чемпиондар лигасында "Ливерпульді" ойсырата ұтты
Үмітті ақтамаған Салах: "Реал" Чемпиондар лигасында "Ливерпульді" ойсырата ұтты: UGC

Киевте өткен турнир финалында «Реал» ағылшын клубы «Ливерпульден» 3:1 есебімен басым түстін.

Үмітті ақтамаған Салах: "Реал" Чемпиондар лигасында "Ливерпульді" ойсырата ұтты
Үмітті ақтамаған Салах: "Реал" Чемпиондар лигасында "Ливерпульді" ойсырата ұтты: UGC

Алғашқы таймда екі команда да есеп аша алмады. Ойынның 51-минутында «Ливерпуль» қақпашысы Лорис Кариустың қателігінен соң Кәрім Бензема алғашқы гол авторы атанды. 54-минутта ағылшын клубы сапындағы Сидио Мане мадридтіктерге жауап қайтарып, есеп теңестіріп үлгерді.

Үмітті ақтамаған Салах: "Реал" Чемпиондар лигасында "Ливерпульді" ойсырата ұтты
Үмітті ақтамаған Салах: "Реал" Чемпиондар лигасында "Ливерпульді" ойсырата ұтты: UGC

Матчтың 63-минутында Гарет Бейл «Ливерпуль» қақпасына кезекті голды соғып, «Реалды» алға шығарды. Футболшы ойынның 83-минутында екінші голын соғып, дубль авторы атанды.

Үмітті ақтамаған Салах: "Реал" Чемпиондар лигасында "Ливерпульді" ойсырата ұтты
Үмітті ақтамаған Салах: "Реал" Чемпиондар лигасында "Ливерпульді" ойсырата ұтты: UGC

Еске сала кетсек, «Реал» өз тарихында осымен 13-рет және соңғы үш жылда қатарынан чемпиондар Лигасында жеңіске жетіп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1733960-mitti-aktamagan-salah-real-cempiondar-ligasynda-liverpuldi-ojsyrata-tty.html