RU
Ақтауда «Астанадан ақ тілек» атты гастрольдік тур басталды (фото)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Ақтауда «Астанадан ақ тілек» атты гастрольдік тур басталды (фото)

Рассказать Вконтакте

Елорданың 20 жылдығына орай Астананың шығармашылық ұжымдары Маңғыстау облысына концертік бағдарламасын тарту етеді деп хабарлайды NUR.KZ.

Ақтауда «Астанадан ақ тілек» атты гастролдік тур басталды (фото)

Ақтауда «Астанадан ақ тілек» атты гастролдік тур басталды (фото)

26-28 мамырда Елордалық артистер Ақтау қаласының алаңдарында керемет концертер ұйымдастырып, өздерінің үздік театрландырылған қойылымдарын қояды, сондай-ақкелушілер назарына отандық суретшілердің еңбектері де ұсынды.

Үш күн бойы Ақтауда сағат таңғы 10.00-ден кешкі сағат 20.00-ге дейін Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық драма театрында «Ақтілекпен, Астана!» көрмесі жұмыс істейді. Экспозицияға 50 қазақстандық суретшінің 100-ге тарта еңбегі шығарылады.

«Жастар» театрының артистері ақтаулықтарды үздік қойылым дарментəнтіетуде. Астаналық өнер ұжымы облыстық Н.Жанторин атындағы драма театрында көрермендер назарына «ҚызЖібек» мюзиклі ұсынды. Қойылымның қоюшы-режиссері –Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрқанат Жақыпбай.

Ақтауда «Астанадан ақ тілек» атты гастролдік тур басталды (фото)

Ақтауда «Астанадан ақ тілек» атты гастролдік тур басталды (фото)

27 мамырда облыстық драма театрында қоюшы-режиссер ҚР еңбек сіңірген қайраткері Нұрқанат Жақыпбайдың «Жанарымдағы жалғызәуен» («Зримая песня») қойылымы сахналанады. Музыка тілі – баурапаларлық, шынайыәріжұмбақ. Актерлер көрерменмен осылай шатілдеспек.

Соңғы гастрольдік кеште, 28 мамырда, Ақтау қаласының тұрғындары «Асауғатұсау» («Укрощение строптивой») комедиясын тамашалайды. Елордалық театрдың қойылымы Уильям Шекспирдің мәңгі өлмесшы ғармасына негізделген. Апалы-сіңлі – Бьянка мен Катарина. Біріншісі нәзік қарапайым болса, екіншісі қыңыр. Екеуі де строптивая Катарина – кісі қызығарлық қалыңдықтар.

Ақтауда «Астанадан ақ тілек» атты гастролдік тур басталды (фото)

Ақтауда «Астанадан ақ тілек» атты гастролдік тур басталды (фото)

Алайда, Бьянканың жігіті көп болса, Катаринаға олар жолай алмайды. Тек Петручио ғана... ҚР еңбек сіңірген қайраткері Нұрқанат Жақыпбай, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Бекболат Құрманғожаев, Тұңғыш Президент қоры – Елбасы сыйлығының лауреаты Дәурен Серғазин күлкіге толы комедияны көпшілікке ұсынбақ.

Ақтауда қойылатын мәдени бағдарлама аясында концерттер де өтеді. 27 мамырда сағат 17.00-де Абай Құнанбаев атындағы Мәдениет сарайында «Астанадан ақ тілек» гала-концерт іөтеді. Ақтаулықтар Астана қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясы ұжымдарының шығармашылығымен танысады.

Ақтауда «Астанадан ақ тілек» атты гастролдік тур басталды (фото)

Ақтауда «Астанадан ақ тілек» атты гастролдік тур басталды (фото)

Атап айтқанда, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Айтқали Жайымов жетекшілікететін Қазақ оркестрі, эстрадалық биғ «Шалқыма» халық биі ансамбль дері, эстрадалық, классикалық және халық вокалы солисттері өз өнерлерін ортаға салады. Сонымен қатар, Клара Төленбаева, «Арт-Домбыра» триосы, Ринат Малцагов, Күләйым Қайырбаева, Айгүл Қосанова, Алмас Кішкенбаев, Тамара Асар сынды қазақ эстрадасының танымал артистері Астанадан жалынды музыкалық сәлем жеткізеді.

Ақтауда «Астанадан ақ тілек» атты гастролдік тур басталды (фото)

Ақтауда «Астанадан ақ тілек» атты гастролдік тур басталды (фото)

Бұл шараларға қатыса алмаған жұртшылық сол күні кешкі сағат 20.30-да жағалауда өтетін «Астанадан ақ тілек» атты Open Air концерте сүйікті орындаушыларының өнерін тамашалай алады.

Астананың Ақтаудағы мәдени күндері 28 мамырда сағат 19.00-де Абай Құнанбаев атындағы Мәдениет сарайында «Елордадан елге сәлем!» концертімен аяқталады. Ақтау тұрғындары Қазақ оркестрінің музыканттарының, «Шалқыма» халық биі ансамблінің, эстрадалық, халық және классикалық вокал солисттерінің өнерін тағы да бір тамашалайтын болады.

Маңғыстау облысының баспасөз әкімдігі

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel