RU
Мөлдір Әуелбекова 600 мың теңгеге бокс қолғабын сатып алды (фото, видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Мөлдір Әуелбекова 600 мың теңгеге бокс қолғабын сатып алды (фото, видео)

Рассказать Вконтакте

Атырауда «Astana Arlans» командасы боксшыларының қолғаптары аукционға қойылып, сатылды. Әнші, эстрада жұлдызы Мөлдір Әуелбекова Асланбек Шымбергеновтің қолғабын 600 мың теңгеге сатып алды деп хабарлайды "ҚазАқпарат"-қа сілтеме жасаған NUR.KZ.

Мөлдір Әуелбекова 600 теңгеге бокс қолғабын сатып алды (фото)

Мөлдір Әуелбекова 600 теңгеге бокс қолғабын сатып алды (фото)

Кеше кешке бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) VIII маусымының жартылай финалдық ойыны аяқталды. Әлемдік додада WSB жобасының үш дүркін чемпионы «Astana Arlans» Ұлыбританияның «BritishLionhearts» командасымен кездесіп, жеңіске жетті.

Ойын соңында аукцион өткізіліп, бәссаудаға «Astana Arlans» командасы боксшыларының қолғаптары қойылды. Өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, дүбірлі додада жеңіске жеткен Қамшыбек Қоңқабаевтың қолғабы 3 миллион 700 мың теңгеге сатылды.

Сондай-ақ, әнші, эстрада жұлдызы Мөлдір Әуелбекова Асланбек Шымбергеновтің қолғабын 600 мың теңгеге сатып алды. Аукционнан түскен барлық 7 миллион теңге науқас балалардың емделуіне жұмсалатын болады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
1
1
1
2
13
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel