RU
Бұрынғы қызын өлтіріп тастаған футболшы артынша өзіне қол жұмсаған
Жаңалықтар Әлемде

Бұрынғы қызын өлтіріп тастаған футболшы артынша өзіне қол жұмсаған

Рассказать Вконтакте

Италяидағы Прато қаласында қайғылы оқиға орын алды. "Туттокуойо» футбол клубының аяқдопшысы Федерико Дзини өзінің бұрынғы сүйіктісінің үйіне келіп, оны қарым-қатынасты қайта жандандыруға көндірмек болған. Алайда, бойжеткен өз келісімін бермегеннен кейін футболшы сүйіктісін өлтіріп тастап, артынан өзіне қол салған деп хабарлайды eurosport.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: eurosport.ru

Фото: eurosport.ru

Бұрынғы ғашықтар дәл Элизаның үйінің алдында ұрысып қалған. Болған оқиғаның бірнеше нұсқасы бар.

TodaySport.it айтуынша, Дзини көнбей қойған қызды көлікке күштеп тиеп, Сан-Миньятодағы спорттық орталыққа жете бергенде атып өлтірген. Артынан өзі де өмірмен қош айтысты.

Фото: eurosport.ru

Фото: eurosport.ru

Football Italia хабарлауынша, футболшы сүйіктісін үй алдында атып тастап, көлікке оның өлі денесін тиеген. Орталық алдына барып ол өзіне қол жұмсаған деседі.

Фото: eurosport.ru

Фото: eurosport.ru

27 мамыр күні Дзини 25 жасқа толатын еді. Өзінің жасына қарамастан ол италиялық клубтарда, Мальта, Филиппин, Болгария және Моңғолия чемпионаттарында ойнап көрді.

Оның бұрынғы қызы Элиза Амато 29-30 жас шамасында болған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
2
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel