RU

Жұмысына кіріскен күні-ақ мұғалімдерге аула сыпыртқан директор қызметінен қуылды

Өзбекстанның Самарқан облысында психикалық ауытқулары бар балаларға арналған №62 мектеп-интернаттың директоры Азамат Умаров жұмыстан шығарылды Орталық Азияның жаңалықтар қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото желіден алынды
Көрнекі фото желіден алынды: UGC

Бұған Умаровтың мектеп мұғалімдерін мәжбүрлеп аула тазалатуы түрткі болған.

Еске салайық, осы аптада №62 мектеп-интернат мұғалімдері Азамат Умаровтың әрекетіне наразы екендерін айтқан.

Айта кетейік, Самарқан облысының Каттакурган ауданында мектеп мұғалімі Диана Еникееваны аула тазалап жүрген уақытта КамАЗ басып кеткен еді. Сол кезде Самарқан облысы Халыққа білім беру басқармасының басшысы болған Азамат Умаров қызметін алынған.

Кейін ол 18 мамырда мектеп-интернатқа директор болып келген. Сол күні-ақ Умаров мектеп мұғалімдерін аула тазалатуға шығарған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1734024-zmysyna-kirisken-kni-ak-mgalimderge-aula-sypyrtkan-direktor-kyzmetinen-kuyldy.html