RU

"Канелоның" промоутері: Головкин өз мүмкіндігін жіберіп алды

Сауль Альварестің басты өкілі Оскар де ла Хойя болашақта орын алмақ болған реванш жөнінде өз пікірін білдірді. Маманның айтуынша, GGG командасымен арасындағы келіссөздер тығырыққа тіреліп, екі жақ ортақ мәмілеге келе алмаған деп хабарлайды vesti.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: eurosport.ru
Фото: eurosport.ru: UGC

Оскар де ла Хойя қазақстандық боксшының алдағы болатын жекпе-жегіне мысқылдап сәттілік тіледі.

"Головкин өміріндегі ең табысты жекпе-жекті өткізуге мүмкіндігі болды. Алайда, оның орнына ол бар-жоғы бір миллиондық кездесуге шықпақшы болып отыр. Рекорды 11-0 Деревянченкомен жұдырықтасуда Головкинге тек қана сәттілік. Біз енді оны күтпейміз", - дейді Оскар де ла Хойя.
Фото: eurosport.ru
Фото: eurosport.ru: UGC

Промоутердің айтуынша, Саульге қарсы Сондерс немесе О' Салливан сияқты боксшылар шығуы әбден мүмкін.

"Геннадий Головкин өз мүмкіндігін жіберіп алды. Ол тамаша жекпе-жектен айырылып қалды", - деп қайырды ол.

Оған қоса, Альварес командасы Мексиканың тәуелсіздігі күніне орай Джейкобспен жекпе-жек өткізуге ниет білдірген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1734026-kanelony-promouteri-golovkin-z-mmkindigin-ziberip-aldy.html