RU
Бұйырса, ұлды боласың: Бақытбек Есентаевтың қарындасы ағасына қандай тілек айтты?
Жаңалықтар Қоғам

Бұйырса, ұлды боласың: Бақытбек Есентаевтың қарындасы ағасына қандай тілек айтты?

Рассказать Вконтакте

Нағима Есентаева бүгінде ел назарынан тыс қалған ағасы Бақытбек Есентаевты туған күнімен құттықтады. Қамауда отырған жалғыз ағасына ол жүрекжарды тілегін арнап, ұлды болуына тілектестік білдірді деп хабарлайды NUR.KZ.

Есентаевтың қарындасы түрмедегі ағасының туған күніне жантебірентерлік жазба арнады

Есентаевтың қарындасы түрмедегі ағасының туған күніне жантебірентерлік жазба арнады

Ағасына деген ақ жарма тілегін ол өзінің Instagram желісіндегі парақшасына жазған.

"Бүгін сен өмірге келген мамыражай мамырдың шуақты күні, ағатайым менің! Алдағы өмірің мәнді де сәнді, ғұмырың ұзақ болсын, асқар таудай ағатайым менің. Мен саған сенемін. Сенің әлі алар белестерің көп, бақытты күндерің алда.
Алла қаласа, ат байлар ұлды да боласың. Сен асқақ арманы бар, мейірімге толы жүрегің кең, пейілі таза, ниеті түзу, ақкөңілділігіңмен маңайыңдағы жандарға жақсылық сыйлаған жансың, алтыным менің", - деп жазды ол.

Жазбасының соңында ол бауыр туралы әдемі жыр жазып қойды.

Қарындасының ағасына деген жүрекжарды тілегін оқыған оқырмандар да өзіні тілектерін жаудырып, Бақытбектің аман-есен жақындарына оралуына ниеттес екендерін айтты.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
6
4
1
14
6
74
5
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір