RU
Желіні шулатып, бүлдіршінді аяусыз тепкілеп өлтірген кім? (видео)
Жаңалықтар Әлемде

Желіні шулатып, бүлдіршінді аяусыз тепкілеп өлтірген кім? (видео)

Рассказать Вконтакте

Бұқаралық ақпарат құралдары желіде тарап кеткен видеоның қайда және қандай жағдайда түсірілгенін анықтамақ болды. Журналистік зерттеу өз нәтижесін беріп, жантүршігерлік бейнежазбаның Қазақстан аумағында емес, Перуде түсірілгені мәлім болды деп хабарлайды kaktus.media сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Youtube.com

Фото: Youtube.com

Көпшілікті дүрліктірген видео монтаж болмай шықты. Кішкентай баланы соққыға жыққан оқиға Перу қалаларының бірінде орын алған.

Бейнежазбада бойжеткеннің бүлдіршінді аяусыз сабап жатқаны көрініс тапты. Сәбиді аяусыз соққыға жыққан әйелдеп де, оның әрекетін видеоға түсірген адамда желі қолданушыларының ерекше ашуын келтірген еді.

Анықталғандай сансыз ауыр жарақаттар салдарынан балақай ауруханада көз жұмған.

Ал оны аяусыз соғып тастаған өзінің ата-анасы болып шықты.

Фото: Youtube.com

Фото: Youtube.com

Олар бастапқыда, полицияға келіп бала қатты ауырып қалғандықтан көз жұмды деп айтқан. Полицейлерден мәйітханаға арналған құжаттарды алмақ болған ерлі-зайыптылар күмән тудыра бастады. Олардың әрекеттерінен күдіктенген тәртіп сақшылары, бала өліміне ерлі-зайыптылардың тікелей қатысы бар екенін дәлелдеген.

Айта кетейік, өткен аптада тарап еткен бейнежазба бастапқыда Қазақстан аумағында жасалған деген қате пікір орын алды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
3
13
12
0
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір