RU
Нұрлан Өнербаевтың ұлы Дубайда өткен байқауда бас жүлдені жеңіп алды (фото)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Нұрлан Өнербаевтың ұлы Дубайда өткен байқауда бас жүлдені жеңіп алды (фото)

Рассказать Вконтакте

Нұрлан Өнербаевтың ұлы Марғұлан Дубайда өткен халықаралық байқауда бас жүлдені жеңіп алды деп хабарлайды NUR.KZ.

Нұрлан Өнербаевтың ұлы Дубайда өткен байқауда бас жүлдені жеңіп алды (фото)

Фото: Нұрлан Өнербаев/Facebook

Бұл туралы әнші өзінің Facebook желісіндегі парақшасында хабарлап, елден сүйінші сұрады.

"Көктемнің алғашқы күнінде Астананың төрінде өткен "Жүректегі көктем" атты концертімде өнер көрсеткен ұлым Марғұланым сіздердің алдарыңыздан өтіп Халықаралық байқауға аттанып барады деп едім. Енді, міне, бірінші Алланың қолдауы болар, екінші сіздердің баталарыңыз болар, ұлым Марғұлан сол Дубайда өткен халықаралық конкурста бас жүлде Гран-приді жеңіп алды. Кеудемді толтырған қуанышымда шек жоқ", - деп жазды ол (ред. - автордың орфографиясы сақталған).
Нұрлан Өнербаевтың ұлы Дубайда өткен байқауда бас жүлдені жеңіп алды (фото)

Фото: Нұрлан Өнербаев/Facebook

Желі қолданушылар болса, оның қуанышына ортақтасып, жағымды пікірлерін жаудыра түсті.

Нұрлан Өнербаевтың ұлы Дубайда өткен байқауда бас жүлдені жеңіп алды (фото)

Фото: Нұрлан Өнербаев/Facebook

"Талаптыға нұр жауар", "Әкесінен асып түскен ер болсын", "Сіз шықпаған белестерге шықсын", - деп қуанды олар.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
2
3
0
3
29
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel