RU
Алматыда менингитке шалдыққан тағы бір оқушы ауыр халде жатыр
Жаңалықтар Денсаулық және сұлулық

Алматыда менингитке шалдыққан тағы бір оқушы ауыр халде жатыр

Рассказать Вконтакте

Алматыдағы №165 мектеп-лицейінің оқушысы сірлі менингит ауруына шалдыққаны анықталды. Бұл туралы Tengrinews.kz агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Көрнекі фото: Хроника.инфо

Көрнекі фото: Хроника.инфо

24 мамыр күні сірлі менингитпен ауыратын бала анықталған. Ал 25 мамыр күні оқушылардың барлығы үйлерінде болған.

Баланың диагнозы клиникалық түрде қойылған. Сараптама нәтижелері әлі қарастырылып жатыр. Оқушының өзі үйінде, дәрігерлердің бақылауында жатқан көрінеді.

Мамандардың айтуынша, менингиттің бұл түрі анықталғанда карантин жарияламай-ақ қоюға болады екен. Сондай-ақ, медициналық орталықтарға жұқпалы індетке байланысты 50 адам тексеруден өтіп, оның 23 адамда аталмыш дерт анықталған.

Дәрігерлер менингит белгілерін байқаған жандар уақыт ұттырмай, бірден дәрігерге қаралуы керек деп отыр. Сонда ғана оны емдеп, үлкен қауіптің алдын алуға болады екен.

Осыған дейін менингит ауруының алғашқы белгілері мен одан қорғану жолдарын жазған болатынбыз.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
1
1
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel