RU
Алматылық ару көңіл көтеру үшін күніне 50 мың теңге жұмсайтынын айтып, мақтанды
Жаңалықтар Қоғам

Алматылық ару көңіл көтеру үшін күніне 50 мың теңге жұмсайтынын айтып, мақтанды

Рассказать Вконтакте

20 жастағы Алматы тұрғыны Люция көңіл көтеріп, киім-кешек алғанға күніне 50 мың теңге жұмсайтынын айтып мақтанды. Кәсіпкердің қызы аста-төк өмірінен суреттерді желіге жүктеп отырады деп хабарлайды NUR.KZ.

Бойжеткен. Көрнекі фото: Favim.com

Бойжеткен. Көрнекі фото: Favim.com

Люцияның желі парақшасына 50 мың жазылушы жиналған. Бойжеткен қымбат көлікте, жағажайда түскен суреттерімен бөлісіп отырады.

"Әкем - кәсіпкер, анам - ұстаз. Оның оқушылармен айналысатын өз орталығы бар. Үйде жалғыз баламын. Олар айына шамамен 2-3 миллион табады. Банк шотында қосымша қаражат бар. Пәтерді жалға береміз. Өзіміз коттеджде тұрамыз. Менің Астанада өз пәтерім бар. Одан бөлек жасауым мен банкте жеке шотым бар", - деп мақтанды ару.

Люция соңғы он жылда байлыққа кенелгендерін айтуда.

"Ата-анам ешуақытта маған ақшасын аяған емес. Балалық шағымда қалағанымның бәрі болды. 18 жасымда институтқа оқуға түстім. Бастапқыда Еуропаға кетіп қалғым келген, алайда ағылшыншам нашар. Тіл үйренгесін, Еуропаға аттанам.

Лондонға, Парижге немесе Барселонаға кететін шығармын. Бұл қалаларда достарым бар. Оларға айына бір рет ұшып барып тұрамын... Бір жылдан кейін тойым болады және өмірім түбегейлі өзгереді", - дейді Люция.

Бойжеткен бір күні қалай өтетінін айтып берді.

"Оқуға барамын, қайтып келіп достарыммен, жігітіммен сөйлесемін. Содан кейін мейрамхана, дүкендерді аралаймын. Кешке туысыма тиесілі сұлулық салонына барып, тегін боянамын.

Күніне шамамен 50 мың теңге жұмсаймын - бензинге, киімге, тағамға. Бұрын бұл маған жеткілікті еді. Қазір азсынып жүрмін. Десе де бақыттымын... Жігітіммен клубқа немесе хорхор мейрамханасына барамын", - дейді Люция.

Ару қаражатты қайдан алатынын айтып, ағынан жарылды.

"Қаражатты карточкама ата-анам салып отырады. Жігітіммен жүргенде, ол барлық шығынды өзі төлейді. Киім тігіп, туыстарыма сату арқылы да ақша табамын. Алайда өз ақшамды құртқан емемпін. Болашақта ақша тауып, ата-анамды асырайтын боламын. Бұл табиғат заңы", - дейді бойжеткен.

Люция болашақта өз киім брендін ашып, оны әлем нарығына шығаруды жоспарлап отыр.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
4
5
1
2
3
11
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel