Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ОҚО-да 12 адам тұратын қорқынышты ауыл туралы не білеміз? (фото)

Опубликовано:

ОҚО-да небәрі 12 ғана адам тұратын Байжансай ауылы тура қорқынышты фильм түсіруге сұранып тұрған мекен. Кезінде Мәскеудің тікелей бақылауында болып, аты дүркіреген ауылдан не себепті маза қашты? Халқы тығыз орналасқан жерден тұрғындар неліктен бас сауғалап өзге жаққа көше бастады? Бұл сұрақтарға жауап табу үшін өңірдегі NUR.KZ тілшісі аталған ауылға арнайы барып қайтты.

Фото: NUR.KZ.
Фото: NUR.KZ.: UGC

Бәйдібек ауданындағы Байжансай ауылы Кеңес үкіметі кезінде қойнауы кенді қала типтес елді мекеннің бірі болған. Тіпті Алматы секілді ірі қалалардың өзінде табыла бермейтін азық-түлік Байжансайдың дүкен сөрелерінде тізіліп тұрған.

Ал қазір, бұл ауыл тура соғыстан қалғандай кейіпке енген. Кезінде 7 мыңдай халық тұрып, тіршілігі қызу болған ауылда бүгінде адам аяғы сирек. Тек 5 қана отбасы пана етіп отырған Байжансайға қыс ауасында аяқ басу тіптен қиын.

Фото: NUR.KZ.
Фото: NUR.KZ.: UGC

Халық күздің қара суығы түсе салысымен қап-қаптап қажетті азық-түлігін, дәрі-дәрмегін алып қояды. Қар түскенде мұнда келу түгілі ауылдан шығу мұңға айналады. Жолды қалың қар басып, тек атпен ғана жүретін халық жаздың күнінде де ауылдан шығу оңайға соқпайтынын айтты. Себебі жол жаман.

Фото: NUR.KZ.
Фото: NUR.KZ.: UGC

Фото: NUR.KZ.
Фото: NUR.KZ.: UGC
"Сырқаттанып қалмасақ екен деп бір Алладан тілеп қыстап шығамыз. Ауырсақ, аудан орталығы Шаянға барамыз. Оған дейін екі сағат жол жүруіміз керек. Ауыл ішінде көлігі бар тұрғындар жоқ емес, қатты сырқаттансақ, сонымен ауруханаға жетеміз. Себебі медпункт деген жоқ бізде, жедел жәрдем қызметі келмейді. Өзім жолдасыммен тұрамын. Ұл-қыздарым қалада",-деді Байжансай тұрғыны Айтаңсық Балтабайқызы.
Фото: NUR.KZ.
Фото: NUR.KZ.: UGC

Байжансайда кезінде аурухана, мектеп, мешіт, қоғамдық монша, клуб, перзентхана мен мәйітхана, тіпті қонақүйге дейін болған. Ал қазір олардың бірі де жоқ. Ауыл балалары жақын маңдағы елдімекендерде тұратын туыстарының үйінде жатып білім алады. Ал есейгендері қалаға кеткен.

Фото: NUR.KZ.
Фото: NUR.KZ.: UGC

Фото: NUR.KZ.
Фото: NUR.KZ.: UGC

Фото: NUR.KZ.
Фото: NUR.KZ.: UGC
"Ауылымның мұндай күйге түскеніне жүрегім ауырады. Бірақ, қолымнан не келеді? Шымкентте тұрамын, қыс мезгілінде көлік жөндеу орталығында жұмыстамын. Күн жылығанда ауылға келіп, малға қажетті жем-шөп дайындаймын. Қыстың қамы ғой. Ата-анам әлі осында тұрады. Алла бұйыртып, аяқтан нық тұрып алған соң ата-анамды қалаға алып кетемін",-деді Айтаңсыз апайдың ұлы 27 жастағы Серік Шынтасов.
Фото: NUR.KZ.
Фото: NUR.KZ.: UGC

Ауылда қалған санаулы халыққа билік өзге жаққа көшіңдер деп кеңес беріпті. Тіпті көршілес ауылдан жер телімін де үлестіріп берген. Алайда үй салуға жағдай жоқ дейді тұрғындар. Нәпақасын мал бағып тауып отырған қараша халық оның үстіне туған ауылын тастап кетуге де қимайды.

Фото: NUR.KZ.
Фото: NUR.KZ.: UGC

Әр жылдың мамыр айында елдің түкпір-түкпірінде тұрып жатқан Байжансай тумалары туған ауылында бас қосып, ата-баба рухына құран бағыштайды.

Фото: NUR.KZ.
Фото: NUR.KZ.: UGC

Байжансайға барғанымызда құран астың үстінен түстік. Ауыл тумалары түрлі естеліктерді сағынышпен еске алып, туған жерінің қараусыз қалғанына қынжылысын да білдірді.

Фото: NUR.KZ.
Фото: NUR.KZ.: UGC

Байжансайда балалық шағы өткен шымкенттік тұрғын Ғалымжан Оразымбет өз естелігімен былайша бөлісті.

"Ауылдан 1996 жылдың 5 мамырында қоныс аудардық. Ол кезде есімді біліп қалған жастамын. Араға алты жыл салып қайта жол түсті. Шынымды айтсам, ауылдың күйін көріп жүрегім қатты қынжылды. Кәдімгідей жер мен жексен болған. Көңіліме қаяу түсіп, орыстар айтпақшы "пустота внутри" сезімінде болдым. Клуб, аурухана, тағысын тағы "Мына жерде мынау бар еді" дейтін жағдайға жеткен. Шыны керек, ауылды әрі қарай аралап шығуға ынтам болмады. Қатты қынжылдым. Өндіріс орны болмаса да, ауылды сақтап қалуға болатын еді ғой...",-деді Байжансай тумасы Ғалымжан Оразымбет.
Фото: NUR.KZ.
Фото: NUR.KZ.: UGC

Фото: NUR.KZ.
Фото: NUR.KZ.: UGC

Сөз арасында шымкенттік азамат ауылға қан жүріп, қайта гүлденіп жатса, туған жеріне қайта көшіп келуді ойлайтынын жасырмады. Тек әзір емес. Отбасын құрып, балалы болған соң, яғни, қартайған шағында. Қала өміріне бейімделген ол ондағы шаруаларын дәл қазір тастап кете алмайтынын жеткізді. Ал сыныптастарының біразы Байжансайда жұмыс орны бүгін ашылса, ертең көшіп келуге әзір екенін айтты.

Фото: NUR.KZ.
Фото: NUR.KZ.: UGC

Кенді мекен болып аты шыққан ауылдың әлі де болашағы жарқын боларына жергілікті халықтың үміті басым. Тіпті ауыл арасында "зауыт қайта іске қосылмақ" деген әңгіме де тараған. Оны естіген тұрғындар төбелері көкке жетіп, жұмыс орны ашылса, баяғыдай санымыз көбейетін болды деп отыр.

Фото: NUR.KZ.
Фото: NUR.KZ.: UGC
"Кен орны қайта жұмысын бастаса, халық қайтадан көшіп келер еді.. Халықтың жаппай көшіп кеттуі жұмыссыздық салдарынан ғой. Егер олар қоныс аудармағанда аурухана, мектебіміз жабылмас па еді?.."-дейді Айтаңсық апай.

Осы ретте біз аудан әкімшілігінен кезінде дүркіреген ауылдың болашағы туралы сұрап білдік. Аудан әкімінің баспасөз хатшысы Байжансайдың болашағы жоқтығын ашып айтты.

"Байжансайдың болашағы жоқ. Бірақ елдімекенінің болашағы жөнінде ауданға арнайы инвесторлар келіп, қызығушылықтар танытқан болатын. Ол мекемелер сол жерде болып, қазба байлықтардан арнайы зертханалық тексеру жүргізуге қажетті қалдықтарды алған. Қазіргі таңда ол жөнінде зертханалық зерттеу жұмыстары жүргізілуде",-деді баспасөз хатшысы Қадыржан Әбенов.
Фото: NUR.KZ.
Фото: NUR.KZ.: UGC

Әкімдіктің ресми өкілінің айтуынша, қазбай байлыққа толы болған ауылда туризм саласын дамыту мүмкін емес.

"Байжансай елдімекені туристік аймаққа қолайсыз. Таулы аймақ болғандықтан жазғы мезгілде табиғаты жақсы болғанымен, қыс мезгілінде табиғаты қатал. Ондағы көп көлемді жерді алып жатқан шахтаның үңгірі, үңгірге жиналған су тасыған жағдайда адамдарға қауіп төндіруі мүмкін" деп сөзін түйді Қадыржан Әбенов.
Фото: NUR.KZ.
Фото: NUR.KZ.: UGC

Айтпақшы, Байжансай ауылына барар жолда 18 көпірді жүріп өтесіз. Мұнда саяхатқа келген кейбір азаматтар сол көпірлерден өткенде белгісіз тылсым күштің барын, тіпті бейтаныс дауыстар мен елестерге кездесетінін жиі айтады. Ал жергілікті халық оны келушілердің қиялынан туған әңгімеге балап отыр.

Фото: NUR.KZ.
Фото: NUR.KZ.: UGC
"Ауылдың табиғаты ерекше, шатқалдар мен екі жақтан қоршап тұрған жоталар көрінісі терең ойға салады, сондықтан ондай әңгіме әлдекімнің қиялынан шыққан болу керек. Өзіміз ондайды байқамадық",-дейді тұрғындар.
Фото: NUR.KZ.
Фото: NUR.KZ.: UGC

Биліктің тізімі бойынша "Болашағы жоқ ауыл" қатарына енген Байжансайды енді кинематография саласы бойынша атын шығаруға сұранып-ақ тұр. Қаңырап бос қалған ғимараттар, құлауға шақ тұрған көпірлер, қоршаған тау жоталары нағыз қорқынышты фильмyнің түсірілім алаңы секілді...

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1734058-oko-da-12-adam-tratyn-korkynysty-auyl-turaly-ne-bilemiz-foto/

pixel