RU
Екінші Эйнштейн атанған бір жарым жасар бүлдіршін туралы не білеміз?
Жаңалықтар Калейдоскоп

Екінші Эйнштейн атанған бір жарым жасар бүлдіршін туралы не білеміз?

Рассказать Вконтакте

АҚШ-тың Иллинойс штатында Тейлор Макгоуэн атты бүлдіршін сирек кездесетін генетикалық мутациямен туылған. Оның шашы таралмайды және ешқашан жатпайды екен. Тіпті оны қысқарту да мүмкін емес дейді. Бұл туралы Life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Фото: Life.ru

Фото: Life.ru

Бір жарым жасар Тейлор Макгоуэн сияқты сәбилер бар әлемде жүзге жуық қана кездеседі. Ата-анасы қанша талпынғанымен, қыздың ақ шаштары төбеге қарап, мүлдем жатпайды екен.

Фото: Life.ru

Фото: Life.ru

"Біз қайда барсақ та, адамдар қызымның шашынан көз айырмай қалады. Кей бірі тіпті, "қызыңыз тоққа түсіп қалмады ма" деп мысқылдайды.

Фото: Life.ru

Фото: Life.ru

Сәбиіміздің шашын жатқызу үшін түрлі майлар мен сусабындарды қолданып көрдік. Еш нәтиже жоқ. Тейлор өзінің шашын ұстағанды, оны жатқызғанды ұнатпайды. Сондықтан осы қалпын қабылдап, Альберт Эйнштейн сияқты киіндіріп алдық", - дейді қыздың анасы.

Альберт Эйнштейн. Фото: jew-observer.com

Альберт Эйнштейн. Фото: jew-observer.com

Фото: Life.ru

Фото: Life.ru

Айта кетейік, Тейлор туылғанда оның бір тал шашы болмаған. Бес ай өткен соң ол өзгеше болып өсіп, ақ ұлпаға ұқсаған екен.

Фото: Life.ru

Фото: Life.ru

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
2
0
3
1
46
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel