RU
Айгүл Иманбаева: Тоқалдарын тасада ұстайтын талай адамды көріп жүрмін
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Айгүл Иманбаева: Тоқалдарын тасада ұстайтын талай адамды көріп жүрмін

Рассказать Вконтакте

Танымал әнші Айгүл Иманбаева "Время" газетіне берген сұхбатында тоқал алатын еркектер туралы сөз қозғады. Айтуынша, "үш әйелім бар" деп мақтанатын еркектер шынтуайтына келгенде оларды ел алдында алып жүруге дайын емес деп хабарлайды NUR.KZ.

Айгүл Иманбаева үш әйел алатын ер-азаматтарды "қорқақ" деп атады

Фото: Айгүл Иманбаева/Instagram

Әнші үш әйел немесе тоқал алатындарды түсінбейтінін айтып, ондай еркектердің қорқақ екенін жеткізді.

"Бұл сұмдық. Біздің еркектер оған дайын емес, олар жалпы өте қорқақ, бәрінен қорқады. Еркектер "үш әйелім бар" деп мақтанады. Ал шын мәнінде екінші, үшінші әйелдері тасада өмір сүріп, бала туады. Ал байғұс бірінші әйелі олардың бар екенін мүлдем білмейді. Тоқалдар болса адам құсап ел көзіне көріне алмай, үнемі тығылып жүруге мәжбүр болады. Бұл жайтты көптеген таныстарымның өмірінен көріп жүрмін. Сондықтан егер ер-азаматың сені лайықты етіп бірінші әйелімен таныстыра алмаса, дәл осындай тоқал болу үшін тұрмысқа шығудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Әйелдер мұндай некеге қалай ғана келіседі екен?!", - деп наразы болды әнші.

Оның бұл жауабын естіген журналист қазіргі кезде кез келген жерге «ұятты» тықпалайтын жандар туралы сөз қозғады.

"Ұят" сөзін де ең ұятсыз адамдар айтады. Себебі біз өзімізді елге керемет, тәртіпті адам ретінде көрсеткіміз келеді. Шын мәнінде әрқайсымыздың өмірімізде түрлі жайттар болып жатады. Сондықтан әр адам біріншіден өзіне өзі адал болуы керек. Ең маңыздысы - осы, деп санаймын. Біз елді алдаймыз, ең сорақысы өзімізді өзіміз алдаймыз. Барып тұрған ұят нәрсе - осы. Өмір сүріп отырған қоғамымыз, біздің халықтың менталитеті сондай", - деп ашық айтты әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
7
0
0
1
7
13
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір