RU
Африкалық футболшы Рамазан кезінде қырық адамды түрмеден шығарып алды
Жаңалықтар Әлемде

Африкалық футболшы Рамазан кезінде қырық адамды түрмеден шығарып алды

Рассказать Вконтакте

Ресейлік "ЦСКА" футбол клубының шабуылшысы Ахмед Мұса қасиетті Рамазан айы кезінде игі іс жасады. Нигериялық футболшы өзінің 40 отандасының қарызын төлеп, оларды түрмеден аман алып қалған деп хабарлайды eurosport.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: eurosport.ru

Фото: eurosport.ru

Ахмед Мұса нигериялық Кано қаласының тұрғындарын қарыздарынан босатып, оларды темір тордан құтқарды. Қасиетті Рамазан айында 40 шақты адамның қарыздарын өзі төлеп, отандастарын түрмеден шығарып алған футболшы қылығына көпшілік тәнті болды.

Оған қоса, Ахмед қаржы тапшылығына тап болған кәмелетке толмаған төрт жасөспірімге көмектесіп, қала тұрғындарын ақшалай және азық-түлікпен қамтамасыз еткен.

Айта кетейік, Ахмед Мұса ресейлік "ЦСКА" сапында жалда ойнап жүр. Алайда, ойыншы заң бойынша толығымен англиялық "Лестер" футбол клубына тиесілі.

30 мауысым күні оның жал бойынша келісімшарты аяқталады. Әзірге клубтар өзара ортақ шешімге келген жоқ.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір