RU
"Отбасың өліп қалсын": Ашулы жанкүйерлер "Ливерпуль" қақпашысына қарғыс жаудырды
Жаңалықтар Спорт

"Отбасың өліп қалсын": Ашулы жанкүйерлер "Ливерпуль" қақпашысына қарғыс жаудырды

Рассказать Вконтакте

Ұлыбританияда Мерсисайд полициясы "Ливерпуль" қақпашысы Лорис Кариусқа көрсетілген қоқан-лоққыға байланысты тергеу амалдарын бастап кетті. Бұл туралы www.eurosport.ru сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: Новое Время

Фото: Новое Время

The Telegraph хабарлауынша, қақпашының Әлем чемпионаты финалында нашар ойын көрсетуіне байланысты әлеуметтік желілерде жанкүйерлерден мыңдаған хаттар келіп түскен.

Желі қолданушылары оған түрлі сөздер айтып, зәбір көрсетуде.

Фото: eurosport.ru

Фото: eurosport.ru

Солардың бірі "Мен сенің қызыңды өлтіремін" деп жазған болатын. Ашуланған жанкүйерлер Кариустың ұлына рак ауруынан, ал отбасына ауыр өлімнен қайтыс болсын деп қарғады.

"Біз әлеуметтік желілердегі осындай кейіптегі түрлі жазбаларды бақылауда ұстап отырмыз. Құқықбұзушылықтардың барлығы назардан тыс қалмайтын болады", - деп сенім білдірді Мерсисайда полициясы.

Айта кетейік, Әлем чемпионатының финалында "Ливерпульді" 1:3 есебімен "Реал" жеңген болатын.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
1
2
9
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір