RU

Гарри ханзаданың тойынан алған кәдесыйды сатқан азамат байып кетті (фото)

Осыдан біраз уақыт бұрын әлем халқының назарын аударған Гарри ханзада мен қара нәсілді актриса Меган Марклдың үйлену тойы өтті. Дүркіреп өткен тойға танымал тұлғалардан бөлек, қарапайым адамдар да қатысқан деп хабарлайды bigpicture.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: UGC

Корольдер әулетінің қуанышына қатысқан Лондон тұрғыны естелікке берілген кәдесыйды 28 мың долларға сатып жіберіп, едәуір ақшаға кенелген.

Бұл оқиғадан кейін қарапайым халық кәдесыйларды жаппай сата бастаған. Қазіргі уақытта 25 адам кәдесыйды сатылымға қойып үлгерген.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: UGC

eBay аукционынан таласа алып жатқан кәдесыйдың ішінде су құйылған құты, автотұраққа түбіртек, Букингем сарайындағы дүкенге купон, тәттіден жасалған медаль, құттықтау қағазы мен жастардың қолы қойылған ашықхат та бар екен.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: UGC

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1734067-garri-hanzadany-tojynan-algan-kdesyjdy-satkan-azamat-bajyp-ketti-foto.html