Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ОҚО-дағы мешіт имамының бесінші рет үйленгені рас па?

Опубликовано:

Жуырда желіде ОҚО-дағы "Ворошиловка" ауылындағы "Амали Салих" мешітінің имамы Мухибулла қажы Хаджаев бесінші рет үйленді деген ақпарат тарап кеткен. Онда ол ұзатылып бара жатқан жас бойжеткенді жетелеп, тойханадан шығып бара жатыр. Елді шулатқан бұл видеоның мән-жайын имамның өзі түсіндіріп деп хабарлайды "Замана" газетіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Желіде ОҚО-дағы мешіт имамының бесінші рет үйленгені туралы видео тарап кетті
Желіде ОҚО-дағы мешіт имамының бесінші рет үйленгені туралы видео тарап кетті: UGC

Мухибулла имамның айтуынша, бұл ақпарат шындыққа жанаспайды.

"Ол видеодағы көріністер жұрт ойлағандай емес. Түсінікті болуы үшін бәрін айтып берейін. Осыдан бір айдай уақыт бұрын Ташкентте тұратын туған әпкем қызын ұзатты. Отбасыммен, бала-шағаммен бірге соған бардық. Өкінішке қарай, жездем инсульт алып, жүріп-тұрудан қалған. Ұзатар сәтте әкесі ретінде қызды тойханадан алып шыға алмағасын, бұл міндет маған жүктелді. Яғни әлгі видеодағы қыз – менің жиенім. Нағашысы ретінде оны ұзатып салып тұрмын. Ал айналасында тұрған әйелдер – менің әпкелерім, туыстарым", - деп түсіндірді ол.

Видеоны түсіріп алып, желіге таратып жібергендерге өкпе артпаған имам елден жасыратын ештеңесі жоқ екенін ашық айтты.

"Жалпы, бұл видеоны түсірген адам оны қандай оймен таратты, не мақсаты болды, мен оны білмеймін. Әлдекімдер әкеп көрсетті. Түк те ренжіген жоқпын. Себебі үйленбегенім рас, видеодағы жағдайды жан-жағымдағы адамдар түгел біледі. Кімнен қысыламын? Кімге не түсіндіремін? Айтқан адам айта берсін, дегендер дей берсін. Қайтем енді?

Негізі бар ғой, соңғы кездері көп адам тойларда жұрттың билегенін, басқа да іс-әрекеттерін видеоға түсіріп, оны келеке-мазақ ету үшін жұртқа тарататын болды. Мен мұны дұрыс емес, тіпті күнә тірлік дер едім. Мәселен, мені 5-ші мәрте үйленді деп қауесет таратқан адам менің бүкіл күнәларымды өзіне арқалап алғанын білмесе керек", - дейді ол.

Дегенмен Мухибулла қажы өзінің шын мәнінде үш әйелі бар екенін жасырмайды.

"Төрт емес, үш рет үйленгенмін. Үшеуінен 9 перзентім бар. Бәрі өсіп, үйленіп-жайланып кетті. Алла берген немерелерім бар, шүкір.

Бізде қалыптасқан жүйе, тәртіп бар. Соған бәрі үйренген, бойұсынады. Жұбайларымды тең көремін, бөліп-жарған емеспін. Олай етсем діннің шартына қарсы келгенім болар еді. Әйелдерім де, балаларым да солай, шешелеріміз бөлек деп бірін-бірі жатсын­ған емес. Тату-тәтті тұрады. Той-жиын, өлім-жітімде бәрі жұмылған жұдырықтай кірісіп кетеді. Тәуба", - деп жауап берді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1734074-oko-dagy-mesit-imamyny-besinsi-ret-jlengeni-ras-pa/

pixel