Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Показуха ма?": Астана билігі шенеуніктер шоғырланған сол жағалау жолдарын жөндеуге неге құмар?

Опубликовано:

Астананың сол жағалауындағы тақтайдай тегіс жаяу жүргіншілер жолдарына жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тұрғындар жыл сайын неліктен шенді-шекпенділер жиі жүретін ауданның жолдары ғана жөнделетініне наразы. Олар қала билігі "жөндегіш болса, қаланың басқа да аудандары жетеді" деген пікірді айтады. Бұл туралы NUR.KZ хабарлайды.

Коллаж: NUR.KZ
Коллаж: NUR.KZ: UGC

Астанада күн жылып, жер аяғы кеңейе бастағаны сол еді, қала көшелеріне жөндеу жұмыстары жүргізіле бастады. Шенділер алдымен қарапайым қала халқы көп шоғырланған оң жағалаудан бұрын, шенеуніктер жиі жүретін сол жағалау жолдарын жөндеуді жөн көріпті. Тұрғындар мұны "құдай текке ақша шашқан" дейді.

"Міне көріңіздерші, мынау "Керуен" сауда үйі, ары қарай Министрліктер үйі. Тақтайдай тегіс жолдың олпы-солпысын шығарып, қайтадан жол төсеп жатыр. Бәрі "показуха" үшін бе сонда? Астанада бұдан басқа жөндейтін жер жоқ па? Құр босқа ақша шашқан ғой? Арыға бармай-ақ қояйын, ана жаңа мешіт орналасқан жаққа барыңыздаршы? Маңайының бәрі ми-батпақ. Ол тек бер жағы ғана, жөнделмеген былай тұрсын, тіпті әлі асфальт та төселмеген қаншама жерлер бар? ", - деп кейіді астаналық ақсақал.
Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Расымен де қала билігі биылғы жылы жаяу жүргіншілерге арналған жолдарға ерекше мән берген сыңайлы. Құрылысшылар сол жағалаудың басты көшелерін жаппай жөндеуге кірісіп кеткен.

"Жылда байқамаппын. Биыл бәрін алып тастап, қайта жаңартып жатқан сияқты. Әсіресе министрліктер үйінің жанындағы аялдаманы көрсеңіздер болады. Қызылды-жасылды тастар төсеп жатыр. Бірақ ол жерлердің бәрі теп-тегіс еді. Не үшін тегіс жолды алып, қайта жөндеп жатқандары түсініксіз. Негізі осы маңайдан да басқа жерлер жетеді»", - дейді астаналықтар.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Аялдамадан ары министрліктер үйіне барар жерлердің дені жаңартылып жатқандығының куәсі болдық. Шенеуніктерге бұрынғы сұрқай түсті асфальт тастары ұнамай қалған сияқты. Оның орнына мынадай қызыл түсті "жол" төселіп жатыр.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Сондай-ақ, жаяу жүргіншілерге арналған жолмен қатар, оның дәл жанынан тағы бір "жолақ" төселіп жатыр. Мұны жүргіншілер жолын кеңейту немесе велосипедшілерге арналған жол деп топшыладық.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Ал сол жағалаудағы көшелерді жөндеу жұмыстары, тіпті бұдан бірер апта бұрын басталып кеткен еді. Жұмыстың дені күндіз жүргізілетіндіктен, аталған аймақта таңертең және кешкі уақытта жол кептелісі орын алып жүр.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Жолдардың жаңартылып, тұрғындарға "жайлы жағдайдың" жасалуының несі айып дерсіз? Айтайын дегеніміз, қала билігі тек шенді-шекпенділер шоғырланған ауданды ғана "сылап-сипамай", қарапайым қала халқы көп жүретін жерлерді де ұмытып кетпесі болғаны.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1734075-pokazuha-ma-astana-biligi-seneunikter-sogyrlangan-sol-zagalau-zoldaryn-zndeuge-nege-kmar/

pixel