RU
Роналдудың "Реалдан" кететіні рас па?
Жаңалықтар Әлемде

Роналдудың "Реалдан" кететіні рас па?

Рассказать Вконтакте

"Реал Мадрид" шабуылшысы Криштиану Роналду мадридтік клуб сапынан кетуі мүмкін екенін жасырмады. Португалиялық жұлдыз клуб ұсынған жаңа келісімшартқа көңілі толмағандықтан басқа команда сапына ауысуды көздеп отырған көрінеді деп хабарлайды segodnya.ua сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Роналдудың Реалдан кететіні рас па?

Роналдудың Реалдан кететіні рас па?

Анықталғандай, клуб президенті Флорентино Перес "Ювентуспен" (4:1) болған былтырғы финалдық ойыннан кейін Роналдудың келісімшартын жаңартып, оның жалақысын көтеруге уәде еткен. Алайда, басшы сөзінде тұрмады.

Өткен жылдың желтоқсан айында басталған келіссөздер кезінде "Реал" португалиялық жұлдызына жаңа 9 миллиондық келісімшартты ұсынды. Бірақ, бұл келісім белгілі шарттар орындалған жағдайда ғана іске асатыны ескертілген.

Фото: eurosport.ru

Фото: eurosport.ru

Мадридтік клуб өз шабуылшысына 9 миллионды тек оның "Алтын доп" және тағы да басқа түрлі жүлделерге ие болған жағдайда ғана төлейтінін айтып, спортшының шауын келтірді. Криштиану Роналду бұл ұсынысты өзіне және оның ісіне деген сыйламағандық деп қабылдап, бірден бас тартқан.

Кейіннен онсыз да күрделі жағдайды Флорентино Перестің Неймарға қатысты мақтау сөздері ушықтырып жіберді. Ең қызығы, "Реал Мадрид" президенті бразилиялық футболшы жайлы жылы лебізін Роналду бесінші "алтын добын" алып жатан кеште білдірген.

Фото: eurosport.ru

Фото: eurosport.ru

Осы себептерге орай, португалиялық шабуылшы Чемпиондар лигасындағы жеңісінен кейін клубтағы өз жағдайы жайлы айтып тастады.

Фото: eurosport.ru

Фото: eurosport.ru

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel