Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Роза Әлқожа інісін сынаған Мейрамбек Бесбаевқа ренжіп қалды (фото)

Опубликовано:

Танымал әнші Роза Әлқожа "Жекпе-жек" бағдарламасында төрелік еткен Мейрамбек Бесбаевқа ренішін білдірді. Ол аталмыш бағдарламада жанды дауыста ән айта алмайтын, халық әні мен той әнін ажырата алмайтын қазылар алқасының жиналғанын ашына айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

Роза Әлқожа мен Мейрамбек Бесбаев. Фото-коллаж: NUR.KZ
Роза Әлқожа мен Мейрамбек Бесбаев. Фото-коллаж: NUR.KZ: UGC

Әнші бұл пікірін Facebook парақшасы арқылы жеткізді.

"Өз басым "Жекпе-жекке" қатыспаушы ем. Бəйгеге түсу үшін адамға қойылған дауыс, мықты демеуші, сəл-сəл арсыздық, азырақ қулық, сосын сынбайтын көңіл керек қой.

Оның үстіне осынша уақыт өз еңбегіңмен бейнебаян түсіріп, əн жаздырып, əрең танылғанда өзі сахнада дəл жобада талап қойғандағыдай жанды дауыста əн айта алмайтындар баға беріп, кеудеңнен кері итеріп отыратын болса.

"Зибаш-ай" құдалықтың əні" деді ғой, менің сүйікті əншім. Ол - халық əні. Ол біздің бесік жырының орнына естіп өскен аяулы əніміз. Адам құдалықта жүрегіне жақын əнді орындайды", - деп жазды Роза Әлқожа.

Бағдарламаның үшінші кезеңінде Әбдіжаппар Әлқожа "Зибаш-ай" атты халық әнін айтқан. Ал Жолдасбек Әбдиханов "Мен қазақ қыздарына қайран қалам" әнін орындаған.

"Бір-бірін түсінбеген дүние көрдім. Мен үлкен сахнада құдалыққа барғандай болдым. Біз мықты әншілерді тыңдап отырмыз. Бірақ олар бізді қайтадан құдалыққа алып барды. Екі бауырымыз да үшінші кезеңде қатыра қойған жоқ", - деп Мейрамбек пікір білдірген.

Фото: Facebook
Фото: Facebook: UGC

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1734079-roza-lkoza-inisin-synagan-mejrambek-besbaevka-renzip-kaldy-foto/

pixel