RU
Жас жұбайлар тойына 200 қонақ шақырып, қашып кетті (фото)
Жаңалықтар Калейдоскоп

Жас жұбайлар тойына 200 қонақ шақырып, қашып кетті (фото)

Рассказать Вконтакте

Испанияның Виверо қаласында жас жұбайлар үйлену тойларына 200 адам шақырып, кең көлемде өткізген. Алайда, мейрамханаға төлейтін уақыт келген кезде қашып кетті деп хабарлайды segodnya.ua сілтеме жасаған NUR.KZ.

topky.sk

topky.sk

Жергілікті ромдар мейрамханада үйлену тойларын өткізбек болады. Құжаттарын беріп, келісімге қол қойып, телефон номерлерін қалдырған. Тіпті 1,5 мың еуро көлемінде алдын-ала төлемдерін де жасап үлгерген.

Той ақшасын төлейтін уақыт келгенде жас жұбайлар банкет үшін әкелері төлейтіндігін және дәл қазір оның "өз қалпында еместігін" жеткізген. Олар той ақысын кейін төлейтіндерін айтып, келісіп кетеді. Алайда, келесі күні мейрамхана басшылығы бірде-бір отбасы мүшесіне хабарласа алмаған. Төленбеген қарыздың сомасы - сегіз мың еуро.

Бірнеше күннен соң күйеу жігіттің әпкесімен хабарласу мүмкіндігі туды. Әйел басында әкелерінің жоғалып кеткенін, кейін оның Румынияға ақша табуға кеткендігін айтқан.

Мезі болған мейрамхана басшылығы полицияға шағым түсірген. Жас жұбайлар және олардың туыстары жайлы әзірге еш ақпарат жоқ.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Сіздің реакцияңыз
5
0
0
1
1
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel