RU
Ғалымдар: Сағыз салмақ тастауға көмектеседі
Жаңалықтар Денсаулық және сұлулық

Ғалымдар: Сағыз салмақ тастауға көмектеседі

Рассказать Вконтакте

Жапониялық ғалымдар сағыз шайнаудың тиімді тұстарын анықтады. Белгілі болғандай, сағыз артық салмақтан арылуға көмектеседі екен. Бұл туралы NUR.KZ порталы brestnote.by сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Сағыз. Көрнекі фото: brestnote.by

Сағыз. Көрнекі фото: brestnote.by

Токиодағы Васэда университетінің ғалымдары 21-69 жас аралығындағы 46 еріктіге зерттеу жүргізген. Олардың жартысы екі дана сағызды серуендеу кезінде 15 минут бойы шайнайды. Нәтижесінде сағыз шайнағандар көбірек энергия шығындағаны анықталды.

"Серуендеу кезінде сағыз шайнау егде жастағылардың көбірек энергия жұмсауына әсер етіп, артық салмақтан арылуға көмектескен", - дейді ғалымдар.

Дегенмен серуен кезінде сағызды абайсызда жұтып қоюдан сақ болу керектігін ұмытпаған жөн.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel