RU
Қарапайым сағыздың салмақ тастауға көмектесетіні рас па?
Жаңалықтар Денсаулық және сұлулық

Қарапайым сағыздың салмақ тастауға көмектесетіні рас па?

Рассказать Вконтакте

Жапониялық ғалымдар сағыз шайнаудың тиімді тұстарын анықтады. Белгілі болғандай, сағыз артық салмақтан арылуға көмектеседі екен. Бұл туралы NUR.KZ порталы brestnote.by сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Сағыз. Көрнекі фото: brestnote.by

Сағыз. Көрнекі фото: brestnote.by

Токиодағы Васэда университетінің ғалымдары 21-69 жас аралығындағы 46 ерікті адамға зерттеу жүргізген.

Олардың жартысы екі дана сағызды серуендеу кезінде 15 минут бойы шайнайды. Нәтижесінде сағыз шайнағандардың көбірек энергия шығындағаны анықталды.

"Серуендеу кезінде сағыз шайнау егде жастағылардың көбірек энергия жұмсауына әсер етіп, артық салмақтан арылуға көмектескен", - дейді ғалымдар.

Дегенмен серуен кезінде сағызды абайсызда жұтып қоюдан сақ болу керектігін ұмытпаған жөн.

Сіздің реакцияңыз
1
1
1
0
1
8
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel