RU
Чемпиондар Лигасындагы ең үздік гол анықталды
Жаңалықтар Әлемде

Чемпиондар Лигасындагы ең үздік гол анықталды

Рассказать Вконтакте

УЕФА-ның техникалық бақылаушылары биылғы Чемпиондар лигасында соғылған ең үздік он голды таңдады. 2017-2018 мауысымының ең әдемі голдары қай футболшылар еншісінде екенін eurosport.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ айтып береді.

Фото: eurosport.ru

Фото: eurosport.ru

Бірінші орында португалиялық жұлдыз - Криштиану Роналду. "Реал" шабуылшысының "Ювентуске" өзінен асыра тепкен добы Буффон қақпасына дәл тиіп, мадридтік команданың келесі кезеңге өтуіне аса маңызды септігін тигізген.

Екінші орынды тағы бір мадридтік футболшы Гарет Бэйл қанжылады. Уэльстік шабуылшы финалда Ливерпульге соққан голы мәңгі тарихта қалары сөзсіз. Өзінің екі голының арқасында Бэйл ақтық сынның майталманы атанды.

Үшінші орынға тағы, бірақ бұрынғы мадридтік шабуылшы Гонсало Игуан орналасты. Бүгінгі күні "Ювентус" сапында өнер көрсететін спортшының "Тоттенхэм" командасына соққан добы үздік үштікті тұйықтаған.

Тізімді төмендегі футболшылар аяқтады.

4 Антуан Гризманн ("Атлетико" - "Рома" 2:0)

5 Эдин Джеко ("Челси" - "Рома" 3:3)

6 Гарет Бейл ("Боруссия" Д - "Реал" 1:3)

7 Фред ("Шахтер" - "Рома" 2:1)

8 Кевин де Брейне ("Манчестер Сити" - "Шахтер" 2:0)

9 Лоренцо Инсинье ("Наполи" - "Шахтер" 3:0)

10 Криштиану Роналду ("Реал" - "Боруссия" Д 3:2)

Биылғы Чемпиондар лигасының ең үздік шабуылшысы болып дәстүрлі түрде Криштиану Роналду атанды. Мадридтік команда жұлдызы бұл мауысымда 15 гол соққан.

Әріптесі Гарет Бэйл болса бар-жоғы үш доп салған. Оның екеуін уэльстік спортшы финалдық ойында соқты.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
0
7
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір