RU
Ақтөбелік дәрігерлердің көмегіне жүгінетін шетелдіктер көбейген
Жаңалықтар Денсаулық және сұлулық

Ақтөбелік дәрігерлердің көмегіне жүгінетін шетелдіктер көбейген

Рассказать Вконтакте

Ақтөбеде салынған медициналық орталықтан шетелдіктер ем алып жүр. Облыс дәрігерлері 230 шетелдік науқасқа ем көрсеткен.

Көрнекі фото: dpchas.com.ua

Көрнекі фото: dpchas.com.ua

"Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың тапсырмасымен медициналық кластердің негізі болып саналатын Ақтөбе медициналық орталығы жұмысқа кірісті. Оның құрамында балалар ауруханасы, облыстық аурухана мен клиника-диагностика орталық бар. Биыл екінші жыл. Медициналық орталықта барлық ем жүргізіледі. Төрт айда барлығы 8 мыңнан астам ем қабылдады. Көбі ересек адамдар. Науқастардың 2600-ден астамына ота жасалды. Екі жылда 40 мыңнан астам ем қабылдаған. Ақтөбеге Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Қызылорда облыстарынан келіп, ем қабылдайтын адамдар бар. Төрт айда өзге өңірден 350 науқас келіп, ем қабылдады. Сонымен қатар, 230 шетелдік науқас емделді",- дейді облыстың бас дәрігері Әсет Қалиев.

Өңір күрделі оталарды жасау бойынша алдыңғы қатарлардың бірінде тұр. Трансплантология, нейрохирургия саласында жаңа жобалармен жұмыс басталған. Оған өңірден шыққан атақты дәрігерлер Жақсылық Досқалиев пен Серік Ақшолақовтардың да үлесі жоқ емес. Әлемді мойындатқан дәрігерлер Ақтөбеде бірнеше күрделі оталар жасаған болатын.

"Өткен жылы 34 бағыт бойынша жоғары технологиялық көмек берілді. Биыл 54 түрі көрсетіледі. Яғни, бір жылда урология, гинекология, торакальды хирургия, эндоскопия секілді салаларда жаңа технология пайдаланады. Биыл нейрохирургия саласында да жаңа жобалар қолға алынды. Бұрын бізде болмаған опперация жасалады. Барлығы 159 жоғары технологиялық ем жүргізілді. Балалардың жүрегіне де ота жасалды. Қазақстанның ұлттық зерттеу орталықтарымен тікелей байланыста жұмыс істейміз. Сонымен қатар, халықаралық байланыс бар. Мамандардың қатысуымен 11 бауыр ауыстыру операциясы жасалды", - дейді бас дәрігер.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
0
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel