RU
Атыраулық әжей жәрдемақыны азсынып, туған немересінен бас тартты
Жаңалықтар Қоғам

Атыраулық әжей жәрдемақыны азсынып, туған немересінен бас тартты

Рассказать Вконтакте

Атырауда 7 жасар немересін асырап алған әйел, оны бір айдан кейін балалар үйіне қайта табыстады. Ол өзінің бұл әрекетін бала күтушісі ретінде алатын жәрдемақы аздығымен түсіндірді деп хабарлайды bnews.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: bnews.kz

Фото: bnews.kz

Атыраудағы "Болашақ" балалар үйінің директоры Гүлсара Ботатаеваның айтуынша, балаларды асырап алумен қатар оларды қайтарып жататын да оқиғалар кездесіп тұрады.

"Рая есімді қыз туыла сала балалар үйінде тәрбиеленіп келді. Алайда, уақыт өте келе біз оның апасын тауып алдық. Әжей оны асырап алуға келісімін берді" , - деп айтты балалар үйінің басшысы.

Туған немересін асырап алған әжей жәрдемақының алғашқы төлемін алған кезде, Раяны бірден балалар үйіне қайта өткізіп тастаған. Оның айтуынша, ол жәрдемақы мұндай төмен мөлшерде болатынын білмей қалған.

Бүгінгі күні, туға апасы теріс айналған Раяның жағдайы мәз емес. Онымен психолог мамандар жұмыс жүргізуде.

"Ол үлкен психологиялық жарақат алды. Қатты жылады. Бүгінгі күні оны қалыпты жағдайға келтіру үшін қолдан келердің бәрін істеп жатырмыз", - деп айтты Гүлсара Ботатаева.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
1
5
2
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір