RU
ОҚО-да қатты дауылдан мектептің шатыры ұшып кетті (фото)
Жаңалықтар Қоғам

ОҚО-да қатты дауылдан мектептің шатыры ұшып кетті (фото)

Рассказать Вконтакте

ОҚО-ның Отырар ауданындағы Көксарай ауылында қатты дауыл мектептің шатырын жұлып әкетті. Білім ордасының шатыры 2008 жылы ғана жаңартылған екен деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Шатыры ұышп кеткен мектеп

Шатыры ұышп кеткен мектеп

Дүлей дауыл әп-сәтте шатырды ұшырып әкеткен. Демалысқа шыққандықтан, оқушылар осы кезде мектепте болмапты. Бірақ оқушылар білім алатын кабинеттерге зақым келген. Оқыс оқиғадан ешкім зардап шекпепті.

Қазір аудандық білім бөлімі мен төтенше жағдайлар қызметінің мамандары тексеру жүргізуде. Қанша шығын келгені анықталып жатыр дейді мектеп директоры.

"2018 жылғы 27 мамырда сағат 18.35-те екпінді желдің салдарынан (20 м/сек) Отырар ауданы Көксарай ауылында М.Әуезов атындағы мектептің 720 шаршы метр жерде шатыр ұшырылған. Сондай-ақ қатты дауыл Шәуілдір ауылында "Отырар-Қызмет" МКК гаражының көлемі 200 шаршы метр шатырын ұшып әкеткен", - деп хабарлайды ОҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
5
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір