RU
Аяқ киім ақшасын талап еткен жігіт сатушының бетінен ұрып жіберді
Жаңалықтар Әлемде

Аяқ киім ақшасын талап еткен жігіт сатушының бетінен ұрып жіберді

Рассказать Вконтакте

Ресейдің Волгоград облысында аяқ киім дүкені сатушысының бетінен белгісіз біреу жұдырықпен ұрып жіберді деп хабарлайды Вести.ru сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото : vesti.ru

Фото : vesti.ru

Наталья есімді дүкендегі сатушы оған екі апта бұрын бір әйелдің келіп, аяқ киім алғанын айтқан болатын.

Тұтынушы әйел алған аяқ киімін қайтармақ ниетте болып, ақшасын алғысы келетінін жеткізеді. Сатушы болмайтынын айтқан кезде, әйел "көмекке" ер адамды шақырады.

Ұзақ әңгімеден кейін ер адам сатушының бетінен ұрып, өзі әйелмен бірге қашып кетеді.

Сатушы орта деңгейлі жарақат алып, жедел жәрдем бригадасымен емдеу мекемесіне жеткізілді.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
0
2
2
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір