RU
Имам: Оразада жұмысшысына жеңілдік жасаған басшының күнәлары кешіріледі
Жаңалықтар Қоғам

Имам: Оразада жұмысшысына жеңілдік жасаған басшының күнәлары кешіріледі

Рассказать Вконтакте

Ақтөбе облысының бас имамы Рамазан айының әр күнін құлшылықта өткізуге шақырады. Облыста ауыз бекітіп, ораза ұстаушылардың саны көбейген деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Төлеби Оспан

Төлеби Оспан

Төлеби Оспанның айтуынша, қасиетті айда мұсылман жұртшылығы мейлінше игі істерді жасауға тырысады.

"Теріс қылықтарынан арылуға, нәпсісін тежеуге, күш алуға мүмкіндік беретін ай. Бұл айдың күндізінде бізге ораза ұстауды парыз етсе, түндерінде намаз оқуды тапсырды. Бұл айда бір парызды орындаған адамға "70 парыз орындады" деп жазылады екен және рамазан айында ауыз аштырған кісіге ауыз бекіткен кісінің сауабын береді.

Бір жұтым су, бір құрмамен болса да ауыз аштырған адам сондай сауапқа кенеледі. Қызметшісіне рамазан айында жеңілдік жасаған адамды Алла тағала тозақ отынан құтқарып, күнәләрын кешіреді деді. Пайғамбарымыз осы айдан төрт нәрсені орындауды сұраған: "Алладан басқа Тәңір жоқ" деген сөзді көбірек айтыңыздар, Алладан кешірімді көбірек сұраңыздар және өзіңіз үшін, отбасыңыз үшін екі нәрсе: жәннатты, тозақтың отынан сақтауды сұраңыздар", - дейді облыстың бас имамы Төлеби Оспан.

Айта кетейік, биылғы Ораза 29 күнге созылады. Қасиетті Қадір түні маусымның 11- нен 12-не қараған түні деп белгіленген.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
0
1
1
1
10
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір