RU
Ажал әткеншегі: Он жасар үндістандық қыз саябақта қайтыс болды
Жаңалықтар Әлемде

Ажал әткеншегі: Он жасар үндістандық қыз саябақта қайтыс болды

Рассказать Вконтакте

Үндістанның Андхра-Прадеш штатындағы Анантапур қаласында айналмалы әткеншек апатқа ұшырап, кабиналарының бірі істен шығып кетті деп хабарлайды tass.ru сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Мы Рулим!

Фото: Мы Рулим!

Белгілі болғандай, апат салдарынан 10 жасар қыз қайтыс болды. Ауруханаға алты адам жеткізілді (үшеуі - бала). Олардың қазіргі жағдайы ауыр деп бағалануда.

Апат кабинаның әлсіз бекітілгенінің кесірінен болған. Әткеншекке келгендер парк қызметкеріне кабинаның әлсіз бекітіліп тұрғанын ескерткен болатын. Алайда, ол ешқандай шара қолданбай, әткеншекке адамдарды отырғызуды жалғастыра берген.

Полиция парк қызметкерін тұтқындады. Тергеу амалдары өз жұмысын бастап кетті.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
2
1
5
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір