RU
Алматыда құлап қалған бағдаршам жолаушыларға қиындық туғызды
Жаңалықтар Қоғам

Алматыда құлап қалған бағдаршам жолаушыларға қиындық туғызды

Рассказать Вконтакте

NUR.KZ порталының 8 747 535 12 98 WhatsApp нөміріне Алматы қаласының тұрғыны хабарласып, құлап жатқан бағдаршамның суретін жолдаған.

Алмалы ауданында құлап қалған бағдаршам

Алмалы ауданында құлап қалған бағдаршам

Оқырманның сөзіне сүйенсек, бағдаршам Алмалы ауданындағы Желтоқсан және Төле би көшелерінің қиылысында құлап қалған. Салдарынан үлкен көше бойымен өтетін жолаушыларға қиындық туғызуда.

Алмалы аудандық әкімдігі аталмыш жәйттің болғанын растап отыр. Айтуларынша, 1-2 сағат көлемінде барлығы өз орнына қойылады екен.

"Желтоқсан және Төле би көшелерінің қиылысында бағдаршамды тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сол аяқталған соң бұл бағдаршам қалпына келтіріледі", - дейді әкімдік қызметкерлері.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір