RU
Алматы мен Астанадағы ең қауіпті қоғамдық орындар қандай?
Жаңалықтар Қоғам

Алматы мен Астанадағы ең қауіпті қоғамдық орындар қандай?

Рассказать Вконтакте

Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов ірі қалалардағы өртке қатысты қауіпсіздік ережелерін сақтамаған орындарды атады деп жазады NUR.KZ.

Көрнекі фото: astana.cityshow.me

Көрнекі фото: astana.cityshow.me

Иманқұлов берген мәліметтерге сәйкес, елімізде көбінесе сақталмайтын ережеге эвакуациялық есіктердің жабық тұруы, тоқ жүйелерінің дұрыс қолданылмауы, істен шыққан дабыл белгілері жатады екен.

Алматы облысында ереже бұзушылық ИП Смағұловтың орталық базарында, Қарағанды облысындағы "Сатурн" дүкенінде анықталыпты.

Алматы қаласында "Арзан", "Домиллион", "Алматы кілем", "Фэшн Ритейл", "Азия Парк" («Прайм плаза»), "Москва", "Мамыр", "Орбита", "Строймарт", "Есентай Молл", "Аман авто", "Белес", "Максима", "Алма", "Мега Тау", "Түркістан", "Жібек Жолы" және "Рахат", "Юпитер", "Барыс", "Олжа", "Көк базар", "Барлык сауда" базарлары мен ГУМ-да да өрт қауіпсіздігі сақталмаған.

Ал Астана қаласында "Әмбебап жабық базары", "Аружан" ойын-сауық сауда орталығы, "Жастар" сауда орталығы. "Нарықтық дүкен", "Совл" ЖШС, "Сарыарқа базары" мен "EURASIAN TRADING GROUP" ЖШС-інде жүру қауіпті саналып отыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel