Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ер адамның әйелі алдындағы міндеттері қандай?

Опубликовано:

Екі жас шаңырақ көтеріп, үй болғаннан кейін кейде ұрыс-керіс орын алып жатады. Сондай сәттерде әйелдің міндеттері есіне түскен ер адам оларды жіпке тізгендей айтып береді. Ал нәзік жандылар ер адамның да әйелі алдында орындауы тиіс міндеттері барын біледі. Бұл жайында taglym.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: Woman365.ru
Фото: Woman365.ru: UGC

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с ): "Ер адам отбасы үшін жауапкер және отбасы үшін сұралады",- деп ер адамның міндеті мен жауапкершілігін анықтап көрсетіп кеткен.

Отағасының әйелі алдындағы негізгі он міндетін біле жүріңіздер.

Ер адамның отбасындағы міндеттері:

1. Әйелін тамақ, киім, сусындармен және қаржылай қамтамасыз ету.

2. Табысын адалдан табу.

3. Парыз амалдарын толық орындай алатын дәрежеде білім беру.

4. Ислам әдебін үйрету. Шариғатқа сай киіндіру.

5. Жұбайы екеуінің арасындағы сырды сақтау.

6. Балиғат жасқа келгенде перзенттерінің төсегін бөлек салуға үйрету.

7. Әйелі туыстарына сұранса жіберу.

8. Кешірімді болу.

9. Отбасындағы барлық жағдайларға өзі жауапты екенін ұмытпау.

10. Әйеліне әрдайым көңіл бөлу, назарда ұстау.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1734178-er-adamny-jeli-aldyndagy-mindetteri-kandaj/

pixel