RU
"Әбден лайық": Шавкат Мирзиёевті жерлесі Нобель сыйлығына ұсынды
Жаңалықтар Әлемде

"Әбден лайық": Шавкат Мирзиёевті жерлесі Нобель сыйлығына ұсынды

Рассказать Вконтакте

Өзбекстанда Шавкат Мирзиёевті Швед патшалық ғылым академиясы тағайындайтын Нобель сыйлығына ұсыну туралы сөз қозғалды деп хабарлайды rus.ozodlik.org сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: rus.ozodlik.org

Фото: rus.ozodlik.org

Наманған облыстық Кенгашының депутаты, Өзбекстан ұлттық телерадиокомпаниясының режиссері, Олимжон Тухтаназаров Шавкат Мирзиёевқа Нобель сыйлығын беру өте дұрыс шешім деп ойлайды. Ол бұл туралы "Озодликтің" репортеріне айтқан болатын.

"Ол бұл премияға "Әдебиет" номинациясы бойынша лайық. Себебі ол оның дамуына көп үлес қосты. "Бейбітшілікті нығайтудағы ерен еңбегі үшін" номинациясы бойынша да лайық. Себебі Өзбекстан-бейбіт ел. Ол бұл премияны ғылым саласында да ала алады. Ол отандық журналистикаға көңіл бөліп, арнайы университет те ашып үлгерді. Менің сезуім бойынша жақында шведтердің өздері келіп, біздің құрметті Юртбашымызға (Өзбекстанда ел басшысын осылай атайды -Ред.) бұл премияны беретін секілді", - дейді өз сөзінде депутат Олимжон Тухтаназаров.
Фото: rus.ozodlik.org

Фото: rus.ozodlik.org

Сонымен қатар, Өзбекстан либерал-демократиялық партиясы Шавкат Мирзиёевқа "Өзбекстан Батыры" атағын беруді ұсынған болатын.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
1
0
1
10
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel