RU
Балалар үйіне қайтарылған атыраулық қыздың анасы да тірі болып шықты
Жаңалықтар Қоғам

Балалар үйіне қайтарылған атыраулық қыздың анасы да тірі болып шықты

Рассказать Вконтакте

Атыраулық "Шаңырақ" балалар ауылының директоры Гүлсара Ботатаева әжесі балалар үйіне қайтарып тастаған алты жасар қызға қатысты пікір білдірді деп хабарлайды Today.kz.

Нәресте. Көрнекі фото: dobrenok.com

Нәресте. Көрнекі фото: dobrenok.com

Бала дүниеге келе салысымен, анасы одан бас тартқан екен. Кейін қызды балалар үйінен отбасына қайта әкелген анасы мен әжесі бір айдан кейін балақайды балалар үйіне апарып тастаған.

"Бала әжесінің қамқорлығына жазылды, бірақ әжесі жәрдемақының көлемі мен қыздың тәрбиесіне көңілі толмай, оны балалар үйіне қайтып әкеліп тастады. Қыздың анасы үшінші топтағы мүгедек, оны 17-18 жасында босанған.

Әжесі перзентханада шақалақтан бас тартты, осылайша қыз балалар үйіне түсті. Бірақ анасы бірнеше уақыттан соң өз-өзіне келіп, баламен сөйлесе бастады, бұған ешкім шектеу қойған емес.

Осының себебінен біз басқа отбасыға қызды бере алмадық. Баланы өз туысқандарына қосу шешімін қабылдадық. Жарты жыл бойы қыздың биологиялық анасымен жұмыс істедік, бірақ ақыры осылай болды", – деді Гүлсара Ботатаева.

Ол анасы мен әжесі қызды тәрбиелеуден қиналатындарын айтуда.

"Әжесі мен анасы бірге тұрады. Менің түсінуімше, олардың үйде өз ережелері бар. Олар бала есейіп қалды, өздеріне ыңғайсыздық тудырмайды деп күткен болуы керек. Баланы аларда не ойлағандарын нақты айта алмаймын.

Кейін олар қамқорлықтан бас тартуларын ақшамен байланыстырды, екіншіден, баланы тәрбиелеуде қиналған. Таңертең немересін мектепке апаруға қиналған, қыз нөлінші сыныпқа барып жүр.

Баланы тамақтандырудан, сабақ оқытудан қиналған. Яғни олар ақшаға ғана бола баладан бас тартпаған", – деді Ботатаева.

Бала кәмелетке толмағандарға арналған бейімдеу орталығына жайғастырылған. Бірнеше мәселенің шешімі табылған соң, балаға жаңа отбасы таңдалмақ. Ботатаеваның сөзінше, баланы асырап алғысы келетін бірнеше отбасы бар.

"Қыздың анасы мүгедек болғанына қарамастан, ол жұмыс істейді, жалақы алады, сонда да қызын тәрбиелей алмай отыр. Бұл қыз үшін жаңа отбасы таңдау қиын іс емес, көп адам қыздың тағдырына алаңдаулы...

Қыз биологиялық отбасымен бірге тұрғысы келмейді. Қызды кешкісін қайтып алып келгенде, ол өте жабырқап тұрды, анасын да, әжесін көргісі келмеді. Бала бәрін түсінетін жасқа келіп қалды.

Мүмкін басқалай болады деп күткен болар, соңы осылай аяқталды. Бала психологиялық түрде қалпына келуі үшін қолымыздан келгеннің бәрін жасаймыз", – деді "Шаңырақ" отбасылық түрдегі балалар ауылының директоры.

Еске салсақ, 27 мамыр күні әжесі бала асырап алғаны үшін берілетін айлықты бірінші рет алғаннан кейін қызды балалар үйіне қайтарып бергені бұған дейін хабарланған болатын. Әжесінің сөзінше, жәрдемақы көлемі өте аз.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
1
3
4
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір