RU

Түркімен қызы АҚШ-тың ең сұлу аруларының қатарына енді (фото)

Түркіменстаннан келген Нарине Ишанова есімді эмигрант қыз Юта штатының атынан "Америка аруы" байқауына қатысты деп хабарлайды hronikatm.com сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото.
Фото.: UGC

Оның айтуынша, оған алтыншы мүмкіндіктен кейін ғана "Юта аруы" атағын алып, мемлекеттік деңгейде штат намысын қорғап шығу бақыты бұйырған.

"Жарыстың алғашқы екі жылы әлі есімде: мен өзімнің кім екенімді, қайдан екенімді, қай тілдерде сөйлей алатынымды айтуға қорықтым. Тек үшінші жылы ғана мен бар күш-жігерімді жинап, Топ-5 іліндім", - дейді өз сөзінде бойжеткен.

Фото.
Фото.: UGC

Нарине - Америкаға Түркіменстаннан ол 11 жаста болғанда көшіп келген эмигранттардың қызы.

"Түркіменстанда балалардың болашағы жоқ. Сол үшін де біз Америкаға көшіп келдік. Осы жаққа келгесін ғана біз "еркіндікке" қол жеткіздік", - дейді Нарине.

Бойжеткен сайыста жеңіске жете алмады. Жеңімпаз болып 23 жастағы Небраска штатынан келген Сара Роуз Саммерс тағайындалды.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1734193-trkimen-kyzy-aks-ty-e-slu-arularyny-kataryna-endi-foto.html