RU
Әжесінің аяғын сүйген Жігер Ауыпбаев көптің ықыласына бөленді (видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Әжесінің аяғын сүйген Жігер Ауыпбаев көптің ықыласына бөленді (видео)

Рассказать Вконтакте

Кіші қажылықтан келген әжесінің аяғын сүйген Жігер Ауыпбаев көпшіліктің ықыласына бөленді. Әнші 92 жастағы әжесі мен анасының ұмра сапарынан келген сәтін Instagram парақшасындағы оқырмандарымен бөлісті деп хабарлайды NUR.KZ.

Әжесінің аяғын сүйген Жігер Ауыпбаев тыңдармандарының ықыласына бөленді (видео)

Әжесінің аяғын сүйген Жігер Ауыпбаев тыңдармандарының ықыласына бөленді (видео)

Әнші ет жақындарын қасиетті Мекке Мәдинаға жіберуді ұзақ уақыт армандағанын жасырмады.

"Менің алға қойған армандарымның бір бөлшегі әжемді, ата-анамды, бауырларымды шамамның жеткенінше қасиетті болған Мекке мен Мәдинәға Жаратқанның алдындағы қажылық парыздарын өтеп келуге жіберу еді.

Әжемді қасиетті болған мекенге жіберер кезде анам "Балам, әжеңді Меккеге жіберер болсаң, мені де бірге жібер. Менің де сауап алғым келеді" деді. Сөйтіп Алланың қалауымен үлкен сапарға барып қайтты.

Әжем мен анам сапарға кеткеннен бастап қатты алаңдадым. Себебі 92 жастағы қарт әже үшін ұзақ жолда көп нәрселер болуы әбден мүмкін еді. Алланың қалауымен жеңіл барып, жеңіл келді. Келісімен анамнан "Әжең үш мәрте, яғни өзі үшін, анасының атынан, әкесінің атынан ұмра қажылығын жасады" дегенді естіп, көзіме жас толып кетті.

92 жылдан кейін құран түскен, пайғамбарлардың табаны тиген жерге барып, құлшылығын өтеп келген аяқты сүймегенде қайтемін.

"Қарты бар үйдің-қазынасы бар" дейді атам қазақ. Бұйырса 100 жасын көруді Алла нәсіп қылғай", - деген Ауыпбаев ағынан жарылды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
0
1
0
59
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір