RU
Қырғызстандық азамат қалыңдығын алып қашып, артынша пышақтап өлтірді
Жаңалықтар Қоғам

Қырғызстандық азамат қалыңдығын алып қашып, артынша пышақтап өлтірді

Рассказать Вконтакте

Қырғызстанның Шу облысы Жайыл ауданында жантүршігерлік оқиға орын алды. Елдімекен тұрғыны 20 жастағы бойжеткенді алып қашып, артынша оны пышақтап өлтірген деп хабарлайды centralasian.org-қа сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото ашық дереккөзден алынды

Фото ашық дереккөзден алынды

Басылымның мәліметінше 27 мамыр күні Бішкектің Бірінші май аудандық ішкі істер бөлімшесіне 20 жастағы бойжеткенді белгісіз біреулер алып қашты деген мәлімет түскен.

Нәтижесінде тәртіп сақшылары Сосновка ауылында күдіктілерді құрықтаған. Осылайша олар жастары 29 және 30 жастағы ер азамат пен бойжеткенді милиция бөлімшесіне алып келген көрінеді.

Жайыл ауданының ішкі істер бөлімшесінде болған күдіктінің бірі қолайлы сәтті пайдаланып, қалыңдық отырған бөлмеге басып кірген. Онымен қоймай ер адам есікті де кілттеп жауып үлгеріпті. Жас қызбен бір бөлмеде қалған азамат оған пышақ ала жүгіріп, сол жерде оны бірнеше жерден жарақаттаған. Кейін өз-өзіне де пышақ салған.

Кейін белгілі болғандай жас қыз ауруханының жансақтау бөлімінде жан тәсілім етіпті. Ал өз-өзіне қол салған күдікті болса емханада жатқан көрінеді. Қазіргі таңда аталған іс бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
5
2
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір