RU
Павлодарлық бойжеткен Рамазан айында 250 африкалық бүлдіршінге көмек берді
Жаңалықтар Қоғам

Павлодарлық бойжеткен Рамазан айында 250 африкалық бүлдіршінге көмек берді

Рассказать Вконтакте

29 жастағы Павлодар тұрғыны Тоғжан Ынтықбаева жүздеген африкалық балаларға көмек қолын созды. Ол жұбайы және достарымен бірігіп, қара нәсілді бүлдіршіндерге көп мөлшердегі азық-түлік әперген деп хабарлайды Bnews-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: instagram/intykbayeva

Фото: instagram/intykbayeva

Белгілі болғандай бойжеткен жолдасымен бірге арнайы QR-коды бар карточкаларды сатып, 2,5 миллионға жуық қаражат жинапты. Бұл ақшаға павлодарлық ару бір тонна ұн, 750 кг күріш пен қант, 250 кг тұз бен кофе, томат және макарон өнімдерін сатып алыпты.

Фото: instagram/intykbayeva

Фото: instagram/intykbayeva

Көпшілік тәнті еткен бұл әрекетімен бойжеткен өзінің Instagram парақшасында бөліскен екен. Ол сондай-ақ азық-түлігі бар 250 пакет дайындағандарын атап өткен.

Оның айтуынша, Африкада қалыпты өмір сүру үшін еш жағдай жасалмаған. Сонымен бірге ол еліміз бен Африкадағы азық-түлік бағасын да салыстырған екен. Мәселен, Қазақстанда шырынның бір литры 400-500 тг тұрса, Африкада ол 1500-2000 тг-ні құрайды екен. Ал жөргектердің кішігірім бумасы елімізде 1000-1200 тг тұрса, Африкада ол 10000-12000 тг көлемін құрайтын көрінеді.

Павлодарлық ару аталған қайырымдылық шарасына қол ұшын созған барша қазақстандықтарға да өз алғысын білдірген. Бойжеткеннің сөзіне сенсек енді 280 африкалық отбасы айға жуық уақыт бойы азық-түлікке мұқтаж болмайтын көрінеді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
3
1
3
30
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel