RU
Жазға үш күн қалды: Қарағандыда қар жауып, тұрғындар аққала соғып әлек (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Жазға үш күн қалды: Қарағандыда қар жауып, тұрғындар аққала соғып әлек (фото)

Рассказать Вконтакте

Жаздың басталуына үш күн қалғанда Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында қар жауып, жұртты таң қалдырды. Тұрғындар табиғаттың тосын сыйын суретке түсіріп қана қоймай, аққала соғып әлек деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Фото ашық дереккөзден алынды

Фото ашық дереккөзден алынды

Тұрғындар қар жауып қалған аулалар мен аққаланың суретін әлеуметтік желіге жүктеп те үлгеріпті. Айтуларынша қалың қар облыстың Қарқаралы ауданы Қарағайлы елдімекенінде жауған екен. Қарағандылықтар табиғаттың мұндай тосын сыйын соңғы жылдары көрмедік дейді.

"Түнде күн қатты суық болды. Сөйтсек түнде қар жауыпты. Біз қар аздап қана жауа ма десек, бірақ көргендеріңіздей қалың жауды. Қалың қар тек түс ауа ғана еріп кетті",-дейді ауыл тұрғындары.

Десе де мамандар алдағы күндері облыста күн райы жылынады деп отыр.

"Қарқаралы ауданында қар жауғаны рас. Оның қалыңдығы тіпті 4 миллиметрге жеткен. Тек түске таман ғана күн жылынған уақытта қар толығымен еріп кетті. Алдағы күндері ауданда үсік жүрмейді деп күтіліп отыр",-дейді Қарағанды облысы бойынша "Қазгидормет" РМК мамандары.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
4
1
0
2
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel